• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сағынтаевтың алматылықтармен диалогы — әкімнің есептік кездесуі Halyk Arena-да өтуде

Алматы қаласының тұрғындары алдындағы есептік кездесу алғаш рет 3 200 орынға есептелген көпфункциялы орталықта өтуде.

Осылайша мегаполистің барлық тұрғындары әкімнің есеп беру кездесуіне қатысып, өз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды. Кездесу басталғанға дейін қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдады. Қабылдау есептік кездесуден кейін де жалғаспақ.

Алматының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бейнероликте көрсетілді.

2019 жылғы 9 айда ЖӨӨ 4,8%-ке өсті. Өткен жылы Алматыда 47 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Құны 96 млрд теңге болатын жаңа 88 бизнес нысаны ашылды.

Өнеркәсіп – 4,5%-ке, пайдалануға берілген тұрғын үй – 4,8%, құрылыс – 3,4%, бөлшек сауда – 12,1%-ке өсті.

500 шақырымнан астам инженерлік желілер салынды. 73 шақырым жол құрылысы аяқталып, 47 шақырым арық қайта жөндеуден өтті. 300 мың тұрғынды қамтитын 670-тен астам аула жөндеуден өтті. Қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында 320-дан астам көшені жарықтандыру, 287 шақырым су және кәріз, 150 шақырым электр, 20 шақырым жылу желісі және 130 шақырым газ құбырын салу бойынша жұмыстар атқарылды. 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бүгінгі есептік кездесу Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Мемлекет басшысы К. Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының жалғасы ретінде өткізіліп отыр.

Бақытжан Сағынтаев қала әкімі лауазымына тағайындалған сәттен бастап әр аудан тұрғындарымен екі реттен кездесу өткізді.

Тамыз айында барлық аудандарда өткен кездесулердің бірінші циклі кезінде 3,5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. 880-ге жуық сұрақ қойылды. Соның 123-іне кездесу барысында тікелей түсініктеме берілді. Іс жүзінде әрі ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететін 756 мәселе бойынша әрбір ауданда іс-шаралар жоспары құрылды. Олардың орындалу нәтижесі бойынша тұрғындар мәселесінің 40%-ке жуығы қанағаттандырылды, 40%-тен астамына түсініктеме берілді. Көтерілген мәселелердің 20%-ін шешу үшін уақыт қажет. Өйткені сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу, абаттандыру, проблемалы жер учаскелерін ресімдеу жұмыстарын жүргізу қажет.

22 қарашадан Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың барлық сегіз ауданның тұрғындарымен кездесуінің екінші кезеңі басталды. Оған шамамен қала тұрғындарының 3,8 мыңы қытысты. 460 алматылықтан 785-тен астам сұрақ қойылды. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу үшін іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Абаттандыруға, коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымға қатысты өтініштер шешімін тапты.

Қала тұрғындары өтініштерінің арқасында қалалық бюджет қайта қаралды. Атап айтқанда, қаражат сыртқы жарықтандыру желілерін салуға бағытталды. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ таяудағы екі жылда қосылған ықшамаудандардың тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау, жүздеген шақырым жаңа жол салу, аулаларды абаттандыру міндеті қойылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.