• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Салық тексерулері туралы не білу қажет

Салық тексеруі - ҚР салық заңнамасының орындалуы бойынша салық органы жүзеге асыратын тексеру. Нұсқамада көрсетілген салық органдарының лауазымды тұлғалары, Салық кодексіне сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын өзге де тұлғалар және салық төлеуші салық тексерулерінің қатысушылары болып табылады.

Салық тексерулері мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Таңдамалы салық тексерісі.
  • Жоспардан тыс салық тексеруі.

Салық тексерулерін жүргізу мерзімдері:

Салық тексерулерін жүргізудің мерзімі нұсқама тапсырылған кезден бастап 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Салық тексерулерін жүргізу мерзімі ұзартылуы мүмкін:

  1. Құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және ҚР-да орналасу орны бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін:
  • салық тексеруін тағайындаған салық органы - 45 жұмыс күніне дейін;
  • жоғары тұрған салық қызметі органы - 60 жұмыс күніне дейін;
  1. Құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және ҚР-да орналасу орны бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:
  • салық тексеруін тағайындаған салық органы - 75 жұмыс күніне дейін;
  • жоғары тұрған салық қызметі органы - 180 жұмыс күніне дейін.

Салық тексеруі мынадай деректемелерді қамтитын нұсқаманың негізінде жүргізіледі:

  1. нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірі;
  2. нұсқама шығарған салық органының атауы;
  3. салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы;
  4. сәйкестендіру нөмірі;
  5. тексеру нысаны мен түрі;
  6. тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ;
  7. салық тексеруін жүргізу мерзімі;
  8. хронометраждық зерттеулерді қоспағанда, тексерілетін кезең.

Нұсқама нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Бұл ретте, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан ары – Комитет) бизнесті заңсыз тексерулерден қорғауға бағытталған «Qamqor» мобильдік қосымшасы әзірлеп, іске қосқанын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта «Qamqor» өз қызметін нақты уақыт режимінде табысты жүзеге асыруда.

Мәселен, бизнесменнің ұялы телефонына оның қызметін тексеру тағайындалған жағдайда «Сізге тексерумен келеді» деген мәтіні бар Push-хабарлама келеді. Бұл жерде кәсіпкер тексеруге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтерді, тексеру мерзімін, кезеңін, құқықтық негіздерін, мәнін көре алады. Кейін қажет болған жағдайда пайдаланушыға тексеру басталғанға дейін де, оны жүргізу барысында да жол берілген бұзушылықтар туралы хабарлама жіберу мүмкіндігі беріледі. Аталған хабарламалар тікелей Комитеттің аумақтық басқармаларына келіп түсіп, оларға толық жауап берілуі тиіс.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.