• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сарапшылар «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша қабылданбаған өтінімдердің бір бөлігін қайта қарады

Алматыда қалалық ортаны дамыту бойынша «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы аясында қала тұрғындарының бұрын дауыс беру кезеңіне жіберілмеген 72 жобалық ұсынысын сараптама комиссиясы қайта қарап, дауыс беруге жіберді.

Бұрын хабарланғандай, дауыс беруге 326 жобалық ұсыныстың 156-ы жіберілді. Дауыс беруге жіберілген ұсыныстардың басым бөлігі Алмалы (61), Наурызбай (21), Бостандық (16) және Әуезов (16) аудандары тұрғындарынан келіп түсті. Одан кейінгі кезекте Жетісу (13), Медеу (12), Алатау (9) және Түрксіб (8) аудандары.

Дауыс беруге қосымша жіберілген жобалық ұсыныстардың ішінде 7 аудан тұрғындарының өтінімдері бар: Алатау (17), Бостандық (18), Медеу (14), Түрксіб (10), Жетісу (5), Наурызбай (5) және Әуезов (3).

Барлық жобалармен budget.open-almaty.kz сайтында танысуға болады. Дауыс беру 18 қарашаға дейін жалғасады.

Жобалық ұсыныс іске асыруға жіберілуі үшін Алматыда тіркелген тұрғындардың 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Бір тұрғын үш жобалық ұсынысқа дауыс бере алады.

Ұнаған жобаларды таңдап, дауыс берудің екі әдісі бар:

• ЭЦҚ пайдалана отырып, budget.open-almaty.kz сайтында онлайн түрде;

• Open Almaty фронт-офисінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, қағаз түрінде дауыс беру (Абай даңғылы, 90, Айманов көшесінің қиылысы). Қағаз түрінде дауыс беру үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу керек (яғни дауыс берушінің ұялы телефон нөмірі egov.kz порталындағы «Жеке кабинетте» тіркелуі қажет).

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.