• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Шомылу маусымының жақын күндері басталуына қарамастан, судағы жаппай демалу орындарына баруға рұқсат жоқ

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, полковник Тұрысбек Сартаев айтты.

«Шомылу маусымының жақын күндері басталуына қарамастан, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №36 бұйрығына сәйкес карантин режимі жалғасып жатыр. Сондықтан аурудың әлеуетті көздерімен байланыс жасау қаупінің жоғары болуына байланысты судағы жаппай демалу орындарына баруға тыйым салынады», – деді Т. Сартаев.

Дегенмен, судағы демалысты жақсы көретін әуесқой алматылықтарға мамыр айының екінші жартысынан бастап өзендердің, көлдердің және тоғандардың жағалауына шығуға рұқсат берілді.

«Алматы қаласының аумағы арқылы 28 шағын өзен ағып өтеді, сонымен қатар қала ішінде 26 су қоймасы орналасқан, олардың 4-уінде суда шомылуға рұқсат етілген», – деді спикер.

Суда шомылуға рұқсат етілген орындар: Сайран өзенінің батыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай пирсқа дейін 300 метр; Сайран өзенінің шығыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай 200 метр; ҮАК бойындағы Д. Қонаев атындағы жағажай аймағы – «Баум» тоғайы; ҮАК бойындағы Д. Қонаев атындағы жағажай аймағы – «Гүлдер» демалыс орны.

«Қалған су қоймалары мен Есентай, Кіші және Үлкен Алматы секілді қала аумағынан өтетін тау өзендері қауіпті болып саналғандықтан, оларға карантиннен тыс кезде де шомылуға тыйым салынады. Бұл жерлерде шомылуға тыйым салынған арнайы белгілер орнатылған», – деді Т. Сартаев.

Алматы қаласының ПД, Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері судағы (адамдардың суға батуы) оқыс оқиғаларды азайту, болдырмау және алдын алу мақсатында адамдар көп демалатын орындарға күнделікті рейдтік шаралар өткізеді, ал судағы демалыс аймақтарын күнделікті патрульдеуді Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жүргізетін болады.    

Ағымдағы жылдың мамыр айында Департамент РЖҚЖ мен бірлесіп 60-тан астам осындай рейдтер жүргізілген. Сондай-ақ «Судағы қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыбында 1000-ға жуық ескертпелер таратылды.

Ал 2019 жылғы суға бату оқиғаларының алдын алу үшін 287 рейд жүргізіліп, 7000-нан астам жадынаманы таратумен демалушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бірақ соған қарамай суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылғаны үшін 21 адам Алматы қаласы ПД ЖПҚБ қызметкерлерімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса өткен жылы Алматы қаласының су қоймаларында 8 адам көз жұмған (3 жазатайым оқиға, 1 суицид, 1 қылмыстық сипаттағы жағдай, рұқсат етілмеген орындарға шомылу бойынша 1 оқиға, баланы ересектердің қарауынсыз қалдыру оқиғасы –1, 1 оқиға мас күйінде шомылу). Құтқарушылар дың көмегімен 65 адам құтқарылған, олардың отыз алтысы балалар.

Соған орай спикер брифингті пайдаланып ата-аналардан балаларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып, белгіленген жерлерде шомылу және суда құтқарудың негізгі әдістері мен тәсілдерін түсіндіруді өтінді.

Сөз соңында спикер ТЖ департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, арнайы белгіленбеген жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертіп өтті.

Алматы қаласы ТЖД-нің суға шомылу маусымы басталуына орай арнайы шығарған жадынамаларда былай делінген:

– жабдықталған жағажайларда, суға шомылу үшін арнайы рұқсат берілген және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;

– жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;

– жүзу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар;

– жағажайдан шұңқырлар мен белгілерден асып жүзуге болмайды;

– жүзу білмесеңіз, жүзу шарлары мен үрмелі матрастарды қолданыңыз;

– қайықтар мен кемелерге қарсы жүзбеңіз;

– қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз;

– суға тым ұзақ түспеңіз, суықтап қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;

– түнгі уақытта және мас күйінде суға шомылуға болмайды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен юайланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.