• eng
  • қаз
  • рус

Су басу қаупін жою шаралары туралы

Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша, Алматы қаласындағы нөсер жауын кезінде су басудың алдын алу және жою мақсатында аудан әкімдіктерінде, төтенше жағдайлардың аудандық бөлімдерінде және құтқару қызметінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Суды кедергісіз өткізу мен ағызуды қамтамасыз ету мақсатында 192 адам, 81 арнайы техника және 22 мотопомпа жұмылдырылды. Қатты жауған нөсер жаңбырдың салдарынан арықтар қураған бұтақ, түрлі қоқыстармен бітеліп, жекелеген учаскелерде су арнасынан тасып, су басу фактілері орын алды.

Қазіргі уақытта арық желілері мен өткелдерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Су басқан 3 аумақ қалпына келтірілді.

Бостандық ауданында Өтепов пен Розыбакиев көшелері қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйді су басу салдары жойылып, Радостовец көшесі, 183 мекенжайындағы арық жүйесі тазартылды. Су басу салдарын жою жұмыстарына 7 арнайы техника, 12 жұмысшы қатысып, 50 қап төселді.

Әуезов ауданында екі арнайы техника мен 8 жұмысшы жұмылдырылды. Жандосов, 134 көшесінде су басу салдары жойылды.

Су басқан жағдайда аудан бойынша жауапты адамға хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алатау ауданы - Нұрәбілов Т. тел. 8-702-460-6104
  • Алмалы ауданы - Төлеген А. тел. 8-775-190-1942
  • Әуезов ауданы - Сұлтанов Д. тел. 8-701-671-6600
  • Бостандық ауданы - Оразымбетов Н. тел. 8-701-666-5648
  • Жетісу ауданы - А. Әбдіқадыров тел. 8-707-314-8889
  • Медеу ауданы - Күребай Е. тел. 8-771-469-8101
  • Наурызбай ауданы - Қыдырбаев О. 8-747-159-5043
  • Түрксіб ауданы – Баясыл С. тел. 8-707-322 5004

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.