• eng
  • қаз
  • рус

#TazaAlmaty акциясына 1,5 мыңнан астам адам қатысты

Алматы қаласының әкімдігі үкіметтің бастамасы бойынша іске қосылған жалпыреспубликалық #Бірге - #Taza Qazaqstan акциясына атсалысқан жандарға алғысын білдіреді. Акция аясында Казачка өзенінің жағалауы мен Көкжайлау үстіртінің 6 аймағы тазаланды. Барлығы 2200 шақты қап қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды. Акцияға бір жарым мыңға жуық қала тұрғыны қатысты.

Жалпықалалық экологиялық акцияның демеушісі әрі қатысушысы «Halyk Bank» болды. Челленджге ҮЕҰ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақжол», «ҚКХП», «Жасыл ел» жастар ұйымдары, «Еріктілер лигасы» ҚҚ, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Іле-Алатау паркінің, «Южказнедро» МД, Атакент, Kaspi Bank, «ТрансКом» ЖШС қызметкерлері, аудан және әкім аппаратының, басқармалар мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Алматы қаласы әкімдігінің аппараты челленджге атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Сондай-ақ алдағы уақытта қалалық деңгейде өтетін барлық іс-шараларға қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.