• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану: Алматылық дәрігерлер ата-аналарға балалардың ауруларының алдын алу бойынша нұсқаулықтар берді

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №4 қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Омарова және қалпына келтіру медицинасының дәрігері, реабилитолог Айгүл Солтанбек COVID-19 алдын алу шаралары туралы айтып берді.

«Біз қазір тұмауға қарсы вакцинаны белсенді жүргізіп жатырмыз. Барлығына қашықтықты сақтауды, емханаларға қажетсіз бармауды ұсынамыз. Емханалар жанында мобильді топтар жұмыс істейді. Пациенттер call-орталықтар арқылы оларды шақыра алады. Мобильді топ шығып, жағдайын бағалап, қажетті шараларды қабылдайды. Егер дене қызуы болса, үйде қалып, мамандарды шақыру қажет», — деді Зухра Умарова.

Қалпына келтіру медицинасының дәрігері Айгүл Солтанбек емхана жанындағы Салауатты өмір салты кабинетінің қызметкерлері ата-аналармен және балалармен алдын алу шаралары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

«Күзгі кезеңнің басталуымен тұмау, ЖРВИ және т. б. сияқты маусымдық аурулардың пайда болу ықтималдылығын қарастырамыз. Ең бастысы- тазалықты сақтау. Ал балаларға қатысты айтарымыз, оларға артық шаршауға жол бермеу керек. Сондай-ақ, күнделікті өмірді дұрыс қалыптастыру қажет – бұл толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану. Дене жаттығуларын орындау, соның ішінде көзге арналған жаттығулар жасау ұсынылады. Көптеген балалар онлайн оқып жатқандықтан, балалар бөлмесінде ауа алмасуды қамтамасыз ету маңызды», — деп қорытындылады А. Солтанбек.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.