• eng
  • қаз
  • рус

Tour of Almaty-2019: 30-31 тамызда жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Алматылықтардың ыңғайлылығы үшін ұйымдастырушылар жарысты өткізу мерзімін қыркүйектің соңынан тамызға ауыстырды. Сондай-ақ Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Құлшықов хабарлағандай, «Tour of Almaty» ұйымдастырушылары қала тұрғындарының тілегін ескеріп, жарыстың бірінші күні қаланың көлік қозғалысы қарқынды орталық көшелерімен өтпейтін болды.

1 кезең – 30 тамыз (жұма): Индустриалды парктегі айналмалы топтық жарыс. Сөре мен мәре «Алматы Арена» көпфункционалды мұз сарайы ғимаратының алдында орналасады. Бағыттың ұзындығы - 118,6 км.

2 кезең – 31 тамыз (сенбі): «Road to Medeu» топтық жарысы. Сөре «Халық Арена» мұз кешені ғимаратының алдында, мәре «Медеу» мұз айдыны ғимараты алдында орналасады. Бағыттың ұзындығы – 160 км.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.