• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Үлкен Алматы көлінде сырғанау қауіпті

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанау қауіпті екенін ескертеді.

Қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлінде мұздың қалыңдығы 10 см, көлдің тереңдігі 20 метрді құрайды.

Мұз басқан су арналары ерекше қауіпті. Себебі мұз жамылғысы жұқа болып, кез-келген уақытта адамның аяғының астында жарылып кетуі мүмкін. Конькимен жалғыз адам сырғанау кезінде мұздың қалыңдығы кемінде 12 сантиметр, ал одан көп адам болған жағдайда 25 сантиметрден артық болуы керек. Бұған қоса, Үлкен Алматы көлінің бөгеті бойынша шлюздер бар, ал ағынды жерлерде мұз жұқа болады.

Жалпы алғанда, Қазақстанда жыл басынан бері су қоймаларында 186 адам қаза тапты, ал зардап шеккендер саны 367 адам. Соның ішінде қыста мұзға құлағандар да бар.

«Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі, сол себепті Үлкен Алматы көліндегі мұз үстіне шығу өте қауіпті.

Осыған байланысты, мереке және демалыс күндері өздерін және өзінің туыстары мен жақындарын уайымға салдырып, оқыс оқиға тудырмау үшін, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мұз боп қатқан су арналарында коньки немесе шанамен сырғанамауға, су арналарындағы мұздан өтпеуге, балық ауламауға кеңес береді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.