Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 707 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 967 бала бар. Стационарларда 3 492 науқас жатыр. 10 215 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 223 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 232 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 119 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 42 447, өлім жағдайлары - 444, барлығы 30 681 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК