• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысы күшіне енеді. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болады:

1) БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;

2) дәстүрлі пошта байланысы;

3) электрондық тәсіл, оның ішінде:

– БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

– логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

– электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.