• eng
  • қаз
  • рус

Жалғыз басты ана ретінде баспана алу

Сәлеметсіз бе менің жасым 28де. 3 баланың анасымын. Жолдасым қайтыс болған. Кішкентай балам 1,5 жаста. Пәтер жалдап турамын. Балаларға алатын пенсияны пәтерақыга толеймын. Сіздерден сурарым баспана мәселесын шешіп берсе деймін. Ипотека болсада пәтерге толгенше соған толейтын.

1

Жауап

Сәлеметсіз бе!

Сіздің Алматы қаласында тұрғын үй мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ақпараты бойынша ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тұрғын үйге мұқтаж және мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына беру қарастырылған.
Мұқтаждар есебіне халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (санаттар Заңның 68 бабында көрсетілген, онын ішінде толық емес отбасылар), сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк мекемелердің қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары қабылданады. Бұл ретте, есепке қою үшін Алматы қаласында кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі және Заңның 69 бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ ҚР азаматтары, егер: есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
Егер Сіз бюджеттік ұйым қызметкері болсаңыз немесе халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жатсаңыз, есепке қойған кезде Қазақстан Республикасының аумағында және осы елді-мекенде меншiк құқығыңызды тұрғын үйiңіз болмаса, Сіз Алматы қаласында тұрақты тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға немесе www.egov.kz сайт арқылы құжаттарыңызды тапсыра аласыз.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.