• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жетісу ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындардың ұсынысы жүзеге асырылып жатыр

Осы бағдарлама аясында 2021 жылы 7 қоғамдық кеңістік жөндеуден өтті.

Жетісу ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша жергілікті тұрғындардың 18 ұсынысы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева айтты.

Спикер ауданның кез келген тұрғыны «Бюджетке қатысу» жобасы аясында ауланы, көшені немесе скверді абаттандыру бойынша өз идеясын ұсына алатынын еске салды.

Егер бастаманы тұрғындар дауыс беру барысында қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Негізінен Жетісу ауданының аулалары мен қоғамдық кеңістіктерін жөндеу және реконструкциялау  бойынша ұсыныстар түсті.

«Осы бағдарлама аясында 2021 жылы 7 қоғамдық кеңістік жөндеуден өтті, оның төртеуінің орнында бұрын қараусыз қалған учаскелер мен автомобиль жолдары болды. 101 мекенжай бойынша балалар және спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша жеке секторда 11 алаң салынды», – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ Бұлқышев, Столетов, Таиров, Казаков, Қазыбаев, Ратушный көшелері, Көкмайса, Құлагер шағын аудандары, Макаренко көшесінде, Абылай хан, Рысқұлов, Сейфуллин, Райымбек, Сүйінбай даңғылдары, Полежаев, Жансүгіров, Тузов, Ақпаев, Павлодар, Солтүстік айналым көшелері, Геологтар, Беспақов, Бөкейханов көшелері бойынша аула аумақтарына жөндеу жүргізілді. Көкжиек шағын ауданындағы спорт алаңы және Айнабұлақ-4 шағын ауданындағы 167 үйдің балалар алаңы жөнделді. Балалар алаңдары жеке сектордың 11 мекенжайында пайда болды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.