• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жүргізушілер назарына!

Алматыда 11-13 қараша аралығында қар жауып, ауа температурасы төмендейді, түнде көктайғақ болуы мүмкін деп болжануда. Осыған байланысты Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жүргізушілерден көліктерін әсіресе түнде жол жиегінде қалдырмай, қар тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Қар тазалауға кедергі келтіретін автокөлік эвакуатормен басқа жерге қойылады.

«Ауа-райының қолайсыздығынан апаттардың арту қаупіне байланысты жүргізушілерді жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде қашықтықты сақтап, оқыс маневр жасамауға шақырамыз. Жол-көлік апаттарының алдын алу үшін автокөлік иелеріне ертерек қысқы дөңгелек орнатып алған жөн», - делінген хабарламада.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.