• eng
  • қаз
  • рус

Жыл соңына дейін Алматының өнеркәсіп паркінде 6 жаңа өндіріс іске қосылады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев мәлімдеді.

Б. Дәндібаевтың айтуынша, өндірістің көлемі — 4,1 млрд (101,9%), бөлшек сауда айналымы — 5,8 млрд (203,5%), көтерме сауда айналымы — 1,5 млрд тг құрайды.

Тоқтап тұрған кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында, «Almaty Finance» ЖШС қолдауымен, Наурызбай ауданында өнеркәсіптік саябақ ашылды.

«Бірінші өнеркәсіптік саябақ Наурызбай ауданының аумағында ашылғаны қуантады. Бұл «Almaty Business 2025» бағдарламасы аясында меншік иелеріне «Almaty Finance» тарапынан қаржылық қолдау көрсетілген Жандосов көшесіндегі жер учаскесі. Осы учаскеде 3000 м2 жаңа өндірістік ғимараттар салынды. Қазір бұл жер учаскелерінде 5 өндіріс орны ашылды. Жыл соңына дейін 6 жаңа өндіріс ашылады деп күтілуде», — деді Бағлан Дәндібаев.

Бүгінде промпарк аумағында кеңсе органайзерлерін өндіру, былғары бұйымдарын, жиһаз, оның ішінде медициналық мекемелерге арналған жиһаз дайындау бойынша нысандар жұмыс істейді.

Бұдан басқа, Б. Дәндібаев Қалқаман шағын ауданындағы «Брот Мастер» ЖШС кәсіпорнында да жұмыстар басталғанын хабарлады. Бұл өндіріс бұрын да тоқтап қалған. Бүгінгі таңда онда 3 өндіріс жұмыс істейді. Атап айтқанда сусындар, қамыр, кофе қуыру цехы. Жалпы осы жер учаскесінде аумағы 4200 м2 болатын жаңа өндірістік ғимараттар салу жоспарланып отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда 2 жоба және Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 3 жоба іске асырылды.

Жалпы, 2020 жылдың 8 ай ішінде Инвестициялар — 57,1 млрд құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 72% — ды құрады. Инвестицияның үлкен үлесі тұрғын үй құрылысына тиесілі. Аудан аумағында 7277 пәтері бар 7 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.