• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жылу маусымында жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету

Бүгінде Алматыда жылу маусымы штаттық режимде өтуде.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен әлеуметтік нысандардың 100% жылуға қосылған және тұрақты жұмыс істеп жатыр.

Жылу маусымында қызмет көрсетуге жұмылдырылған коммуналдық қызметтер (Алматы жылу жүйесі, АЖКЭ, АлЭС, Алматы су, АЖК, ҚазТрансГаз-Аймақ) жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді.

Алматы қаласының оңтүстік бөлігіндегі тұрғындарды электрқуатымен үздіксіз қамтамасыз ету және әл-Фараби - Жароков - Тимирязев - Розыбакиев көше шеңберіндегі жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысын қарқынды жүргізу үшін «Каскад» ҚС 110/35/10-6кВ және «Алмагүл» ҚС 110 кВ жаңа қосалқы стансалардың құрылысы басталды.

Қазандықтың қуатын арттыру және Алматының оңтүстік ауданында жылу энергиясының тапшылығын жою үшін, сондай-ақ жылу маусымы кезеңінде тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік» аудандық қазандығы қуатын 55 Гкал-ға ұлғайта отырып, қайта жаңғыртылуда.

Жыл сайын барлық жұмыстар Алматы қаласының тұрғындарын инфрақұрылыммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Бірінші кезектегі мақсат – бұл тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау, коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және нақты тұтынған энергия үшін төлем жүргізу.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.