• қаз
  • рус

Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізілуде - Алматы әкімдігі

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

Жалпы, Ә. Масабаевтың айтуынша Алматының қалалық шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау кестеге сәйкес жүргізілуде. Қаланың барлық энергия кешенін жөндеу жұмыстарына ағымдағы шығыстар шамамен 22 млрд теңгені құрайды.

Үстіміздегі жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша энергия кешенінің жылыту маусымына жалпы дайындығы - 88%, оның ішінде:

  • жылу желілерінің дайындығы – 85% (1241 км-нің 1 055-і);
  • электр желілерінің дайындығы – 82% (8 381 км-ден 6 891)
  • газ желілерінің дайындығы – 100% (5 376 км)
  • сумен жабдықтау желілерінің дайындығы – 99% (3 646 км-ден 3 617)
  • су бұру желілерінің дайындығы – 94% (1 800 км-нің 1 685-і)
  • АЖКЭ қазандықтарының дайындығы –76% (83 бірліктің 63-і.)
  • АлЭС энергия көздерінің дайындығы – 72% (71 бірліктен 51)
  • білім беру және денсаулық сақтау нысандарының автономды қазандықтары 100% дайын (білім беру – 50 нысан, денсаулық сақтау – 16 нысан).

Үстіміздегі жылдың 13 мамырынан 20 шілдесіне дейін – кері сутаратқыш жылу желілеріне гидравликалық сынақ және жөндеу жүргізілді. Гидравликалық нығыздау барысында 353 ақау анықталып, жойылды (2019 жылы – 221 ақау).

Үстіміздегі жылдың 20 шілдесі мен 23 қыркүйегі аралығында –жеткізуші сутаратқыш жылу желілеріне гидравликалық сынақ және жөндеу жүргізіледі. Гидравликалық нығыздау барысында 274 ақау анықталды, оның 260-сы (95%) жойылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 187 ақау болған (2019 жылғы сынақ кезеңінде барлығы – 311 ақау).

Тұрғын үй қорының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының дайындығы бойынша (90%).

  • білім беру нысандарының дайындығы – 97% (444 бірліктен 431);
  • денсаулық сақтау нысандарының дайындығы – 82% (135 бірліктен 110);
  • көп пәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы – 92% (8 024 бірліктен 7 376).

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.