• eng
  • қаз
  • рус

Жылжымалы медициналық кешендер арқылы 6 мыңға жуық адам қаралды

Бүгін, 13 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы денсаулық айлығын және медмекемелердің жабдықталуына орай аудит өткізуге қатысты журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.

Қанат Төсекбаев өз сөзінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сапалы медициналық қызметке қолжеткізу үшін басқарманың мобильді топтарды жасақтағанын айтты. Алматы қаласындағы басқармаға бағынышты медициналық мекемелер 1-30 тамыз аралығында өтіп жатқан айлыққа қатысуда.

Басты мақсат – бір қадам жақын медициналық қызметті қамтамасыз ету. Сонымен қатар азаматтардың денсаулығын сақтау және қолдау көрсету, аурудың алдын алу мен дамуына жол бермеу міндет етілді.

Қаланың шет аймағындағы ықшамаудан тұрғындарына баса назар аударылды, оларға кеңес берілді және бір қадам жақын медициналық көмек көрсетілді.

Жылжымалы кешендер халықты дұрыс қарау үшін заманауи қондырғылармен жабдықталды. Жоғары маманданған медицина қызметкерлері, олардың ішінде терапевтер, педиаторлар, кардиологтар, хирургтер, лор және басқа кәсіби дәрігерлер қабылдау жүргізді.

Айлық барысында пациенттер холестерин деңгейін, қандағы қант мөлшерін білді, экспресс-тестілеу жүргізу арқылы ВИЧ-инфекциясы мен терінің созылмалы ауруларының бар-жоғы және антропометрия арқылы дене массасының индексі анықталды, көз қысымы өлшенді, ФГ-тексеру жүргізілді, фтизиатр және басқалары қабылдады.

Айлық аясында медицина қызметкерлері халыққа Регистр арқылы тіркелу және мобильді қосымшалар орнату бойынша ақпараттық–түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

1 -13 тамыз аралығында қаланың 20-дан астам шет аймағындағы 5 704 тұрғын бірқатар медициналық тексеруден тегін өтті және түрлі кеңестер алды.

Қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша медмекемелердің жабдықталуына орай аудит жүргізілгенін айтты. Аудит 71 емдеу мекемесін, оның ішінде 14 стационарды, ЖМЖЖ-нің 38 ұйымын, 7 босану және 12 басқа да мекемелерді қамтыды.

Мониторинг 4 критерий бойынша жүрді, олар: санитарлық-гигиена, емдеу мекемелері мен олардың бөлімшелерінің эпидемиологиялық жағдайы, медицина қалдықтарын жинаудың, залалсыздандыру мен сақтаудың санитарлық–эпидемиологиялық талаптарының орындалуы, қабылдау бөлімдерінің «3H» жүйесіне сай болуы, ЖМЖЖ мен стационарлардың жарақтанудың минималды стандарттарына сай болуы.

Қала емханалары мен ауруханаларының жоғары дәлдікті көрсететін қондырғылармен жабдықталуы 60 %-ке жуық. № 20, 21, 25, 26, 27 емханаларда бұл көрсеткіш 22 %-ке жетпейді. Биыл осы емханалар үшін жоғары технологиялы диагностикалық қондырғылардың 35 бірлігі алынды: УЗИ, рентген, флюорограф және маммограф, тағы басқалары.

2022 жылдың соңына дейін қаладағы медицина мекемелерінің жабдықталуы 90 %-тен кем болмауы тиіс.

Сонымен қатар биыл және келер жылы МЖӘ жобаларын белсенді жүзеге асыру жоспарланған.

Мысалы, инвестициялық шығынды қайтармай-ақ, қаланың медицина ұйымдарында қымбат диагностикалық қондырғыларды орнатуға мүмкіндік бар. №7 қалалық клиникалық аурухананың кардиохирургиялық бөлімінде 5 жылға дейінгі мерзімге МЖӘ жобасы жасалуда.

Жедел медициналық қызмет көрсетудің жарақтануына келетін болсақ, мұнда тозығы жеткен автокөлік 70 %-ті құрайды. 2020 жылы санитарлық автокөліктің 70 бірлігін сатып алу жоспарланған және аталған қызметтің жабдықталуы 88 %-ке дейін жететін болады.

Мобильді топтың шығу кестесі

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.