• eng
  • қаз
  • рус

Дәрігерге қалай тексерілуге болады?

Егер сіз емханаға немесе аурудың түрі бойынша Алматы қ. басқа медициналық мекемесіне тіркелген болсаңыз, сіз дәрігерге қабылдауға келесі тәсілдермен жазыла аласыз.

1

Egov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?

Ол үшін келесілерді жасау қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторизациядан өту және сұрау салу;
  3. жеке кабинеттегі электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарламамен танысу.

Белгіленген уақытта таңдалған дәрігерге медициналық  мекемеге келу.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 минут.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жеке кабинеттегі электрондық өтінім мәртебесі түріндегі хабарлама.

2

Емханада қызметті қалай алуға болады?

Ол үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:

  1. медициналық  мекеменің тіркеу бөліміне жүгіну немесе тіркеу бөліміне телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу;
  2. ұлғаны куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік (тікелей жүгінген кезде).

Қызмет көрсету мерзімі: 10 минут.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қызмет көрсетуші дәрігерінің қабылдауына алдын-ала жазылу журналына жазылу және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігер қабылдауының күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.