• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ерекеше білім алу қажеттіліктері бар балаларға түзете оқыту көмегін көрсету жүйесі туралы ақпарат

Егер ата-аналарда өз баласына қатысты төмендегідей қиыншылықтар туындаса:

  • психикалық дамуы мен сөйлеу тіліндегі тежелістер;
  • сөйлеу тілі, зейін және есте сақтау қабілеттеріндегі бұзылыстар;
  • психикалық дамуы және сөйлеу тіліндегі ауытқулармен қатар көру, есту қабілеттері,тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстар;
  • мектептегі үлгермеу;
  • мінез-құлық мәселелері мен қарым-қатынас қиындықтары;
  • эмоциялық-тұлғалық мәселелер (қорқыныш, қобалжу, агрессивтілік)

психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңестен өзіне қажетті көмек түрін алады.

1

Ол үшін не істеу керек?

Ата-ана тарапынан ерекше қажеттілігі бар баланы кеңестен өткізу үшін, қабылдауға жазылу керек. Алматы қаласында 5 психолиялық- медициналық- педагогикалық кеңес жұмыс жасайды:

  • №1 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
    (Торайғыров көш; 1үй, Каблуков көш. қиылысы, №1 мектеп-интернатының ғимаратында, тел.227-62-61). Ауэзов және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін.
  • №2 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
    (Жангелдин көш; 27 үй, Әшімбаев көш қиылысы, №2перзентханаға қарама-қарсы, тел.397-41-55). Медеу және Алмалы аудандарының тұрғындары үшін.
  • №3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
    (Физули көш; 71үй, тел.351-33-08) Турксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін.
  • №4 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
    (Федченко көш; 2Б үй, №1оқушылар үйі ғимаратында орналасқан, тел.384-69-50) Ауэзов және Алатау аудандарының тұрғындары үшін .
  • №5 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
    (Акжар ықшам ауданы, Абай көш; .15 үй , т.360-45-82) Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін.

Мамандардың кешенді түрдегі тексерісінен кейін баланың дене және психикалық дамуының бұзылыстары туралы қорытынды жасалып, ата-аналарға баласын медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтер бойынша ұсынымдар; арнайы ұйымдарда білім беру ұйымдарына, арнайы оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беріледі.

ПМПК ға келген әрбір баланың даму динамикасы, аталған мекеменің мамандарының бақылауы мен назарында болады.

2

Психологиялық-педагогикалық түзету

ПМПК-ның қорытындысы және нұсқауы негізінде баланы тиімді оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын анықтау мақсатында диагностикалық топтарға және психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттеріне жолдай алады.

Қазіргі кезде Алматы қаласының әрбір ауданында 8 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), 6 диагностикалық топтар жұмыс жасайды. Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттеріне қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

  • №1 ППТК - №116 мектептің ғимаратында , 8ы.а , 46үй, тел. 249-10-65;
  • №2 ППТК - Жангельдина,27көш,.Әшімбаев көш қиыл, 397-41-55;
  • №3 ППТК – Физули көш 71 үй, тел.393-29-68;
  • №4 ППТК - №63 мектептің ғимаратында, Каблуков көш, 88 үй,тел 376-58-29;
  • №5 ППТК - №128 мектептің ғимаратында, Жароков көш, 18үй, тел 269-80-31;
  • №6 ППТК - №112 мектептің ғимаратында,Ратушный көш, 131, тел 229-03-16;
  • №7 ППТК - №1 оқушылар үйі ғимаратында , Федченко көш, 2б, тел. 399-97-39;
  • №8 ППТК –№174 мектептің ғимаратында, Шуғыла ы.а, 340 Б үй , т.351-79-57.
3

Қосымша ақпарат

Алматы қаласы бойынша, тілінде кемістігі бар, құлағы нашар еститін немесе естімейтін, көзі нашар көретін,тірек- қимыл аппараты бұзылған, ақыл-ойы зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен арнайы мектептер бар.

Балалардың контингентін толтыру психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы негізінде жүргізіледі. Балаға тегін түрде түзету көмегін беру туралы шешімді қабылдау берілген құжаттар негізінде, ата-аналармен сұқбаттасу және әр баланы тексерістен өткізу барысында ПМПК-да болады.

Балаларды қабылдау ата-аналардың (не олардың орнындағы тұлғалардың) қатысуымен болады.

Алматы қаласында 18 арнайы білім беру мекемелері жұмыс жасауда, бұның ішінде (10 мектепке дейінгі арнайы мекемелер, 8 арнайы мектеп- интернаттары).

2017ж. «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайты www.special-child.kz ашылды. Бұл сайтта ата-аналар өздеріне керекті мәліметтер мен сұрақтарына жауап ала алады.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.