• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қалай жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы алуға болады?

Әлеуметтік тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін, яки басқа әлеуметтік көмек түрін алу үшін сізге жылжымайтын мүліктің иегері емес екендігіңізді дәлелдеу қажет. Бұл үшін тиісті анықтаманы алу қажет.

1

Egov.kz порталында анықтаманы алу үшін:

  1. ЭЦҚ-ны (электронды цифрлы қолтаңба) алу қажет;
  2. ЭЦҚ-мен куәландырылған, құқықтық тізілімнен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (құқық ауыртпалығы) туралы ақпаратты алуға өтініш беру қажет.

Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынудың қажеті жоқ, өйткені ақпарат «электронды үкімет» шлюзі арқылы сұранады.

Қызмет көрсету мерзімі: 20 минуттан 1 жұмыс күніне дейін.

Қызмет көрсету нәтижесі: жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

2

Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесіне тапсырылатын құжаттар пакеті:

  1. құқықтық тізілімнен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (құқық ауыртпалығы) туралы ақпаратты алуға өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету мерзімі: 20 минуттан 1 жұмыс күніне дейін.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.