• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қиын жағдайда өмір сүретін жанұялардың баспана алу тәртібі

Бір-бірінен бөлінбеген, изоляция жасалмаған баспанада екі немесе одан да көп, бір-біріне кеселдіктерін тигізетін екі не одан да көп жанұя тұратын болса, және де жанұя құрамында созылмалы аурумен ауырып, онымен бір баспанада тұру мүмкін емес болған жағдайда, сіз мемлекеттен баспана алу үшін кезекке тұра аласыз.

1

Қосымша баспана алуға болатын аурулар тізімі

  1. Психикалық симптомы бар психикалық ауру және тұлғаның іс-әрекетің құбылып тұруы, сонымен қатар қоршаған ортаға ауру адаммен бірге тұру мүмкін емес жағдайда.
  2. Орталық нервтік жүйенің органикалық және посттравматикалық залал алуынан бел омыртқа органдарының және ұштарының ауыр зақым алу жағдайында.
  3. Үлкен дәрет, кіші дәрет және дымқылдау, кіші дәрет ұстамау, табиғиға қарсы анус.
  4. Бронхиттік астманың ауыр түрі, үздіксіз-рецидивидтік ағым, қайталанған ұстама, ІІІ дәрежелі ауа жетпеушіліктің күрделілігі.
  5. Тұқым қуалаған әрекетіне әсер ету арқылы үздіксіз нервтік-бұлшық еттік дистрофиялық қоғалыс.
  6. І типтік қант ауруы, қиын түрі.
2

Egov.kz порталы арқылы қызметті алу

Ол үшін қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу керек;
  2. баспанаға кезекке тұруға автоматтандырылып, сұраныс беру және ЭНҚ қол қою;
  3. сұранысқа төмендегі тізім бойынша құжаттардың көшірмесін қосу керек:
  • Алматы қаласында аз дегенде 3 жыл тұратындығын бекітетін құжат;
  • неке қию туралы куәлік (немесе ажырасу туралы) (2008 жылдың 01 шілдесіне дейін), жанұя мүшелерінің қайтыс болу туралы куәлігі (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалардың туу туралы куәлігі (2007 жылдың 13 тамызына дейін);
  • Алматы қаласының Баспана және баспана инспекция Басқармасының анықтамасы, егер де жалғыз баспана апатты жағдайда деп танылса;
  • сұраныс жасаудың алдындағы жанұя мүшелерінің әрбіреуіне он екі айлық кіріс туралы анықтамасы (егер де қызмет алушы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың қатарына жататын болса);
  • бір-бірінен бөлінбеген, изоляция жасалмаған баспанада екі немесе одан да көп бір-біріне кеселдіктерін тигізетін көп жанұя тұратын болса, және де жанұя құрамында созылмалы аурумен ауырып, онымен бір баспада тұру мүмкін еместігі туралы анықтама.

Қызмет көрсету уақыты: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: кезекке тұрғандығы туралы және кезегі нөмірі туралы хабар алу немесе негізбен түсіндірілген кезекке қабыл алмау туралы хабар алу.

3

Тіркелген жері бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) қалай өтініш беруге болады?

Құжаттардың тізімі:

  1. коммуналдық баспана қорынан баспана қажет ететін азаматтарды тізімге қою туралы арыз;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Алматы қаласында кем дегенде 3 жылдан артық тұратындығын куәландыратын құжат;
  4. неке қию туралы куәлік (немесе ажырасу туралы) (2008 жылдың 01 шілдесіне дейін), жанұя мүшелерінің қайтыс болу туралы куәлігі (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалардың туу туралы куәлігі (2007 жылдың 13 тамызына дейін);
  5. Алматы қаласының Баспана және баспана инспекция басқармасының анықтамасы, егер де жалғыз баспана апатты жағдайда деп танылса;
  6. сұраныс жасаудың алдындағы жанұя мүшелерінің әрбіреуіне он екі айлық кіріс туралы анықтамасы (егер де қызмет алушы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың қатарына жататын болса);
  7. бір-бірінен бөлінбеген, изоляция жасалмаған баспанада екі немесе одан да көп бір-біріне кеселдіктерін тигізетін көп жанұя тұратын болса, және де жанұя құрамында созылмалы аурумен ауырып, онымен бір баспада тұру мүмкін еместігі туралы анықтама.

Қызмет көрсету уақыты: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік кіріс төленбейді.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: кезекке тұрғандығы туралы және кезегі нөмірі туралы хабар алу немесе негізбен түсіндірілген кезекке қабыл алмау туралы хабар алу.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.