• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мен иммигрантпын

«Балық, терең жерді іздесе, ал адам жайлы жерді іздейді», - демекші адамдар жайлы жерлерді іздеумен өткен ғасырлардан бері бір аумақтан екінші аумаққа көшетін болған. Қазір бұл процесс тоқталмақ түгілі, жаһандану нәтижесінде барлық жерді қамтыған. Адамдар табыс, тұрақтылық және жайлы өмір іздеу мақсатында иммигрант болып және бір жерден екінші жерге, бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшуде. Егер сіз өз еліңіздің азаматы бола тұрып, Қазақстанға тұру үшін және жұмыс істеу үшін көшіп келген болсаңыз, бұл бап сізге арналады.

1

Қазақстан Республикасының аумағына кіру кезінде шетелдіктер нені білулері қажет?

Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде:

  1. 16 жасқа толған әрбір шетелдік ел аумағына өту, шығу және мекендеуін бақылау мақсатында белгіленген нысандағы көші-қон карточкасын толтыруы қажет. Құжатта сіздің Т.А.Ә. көрсетіледі, келу мақсатыңыз, сізді қабылдап жатқан жақ туралы ақпарат, тіркелу мекенжайыңыз, балалар саны (балалармен бірге келген жағдайда) және уақытша мекен ету жеріңіз бойынша өту, шығу және тіркелі туралы белгілер қойылады. Көші-қон карточкасы шекаралық және кедендік бақылаудан өтпес бұрын толтырылады.
  2. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде тіркелулері қажет (дипломатиялық, қызметтік және инвесторлық карточкасы барларды қоспағанда).

Қазақстан Республикасының аумағына өтетін шетелдіктерге ҚР аумағына өту заңды болу үшін шекарадан өту және тіркелу тәртібі бойынша бірқатар талаптарды сақтауы тиіс.

2

Қазақстан Республикасының аумағына өткен шетел азаматтарын тіркеу

Қазақстан Республикасының аумағына өткен шетел азаматтарын тіркеу:

1. Еgov.kz порталында.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. авторизациядан өту және сауал тастау, куәландырылған ЭЦҚ;
  3. сауалда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
  • шетелдікті куәландыратын қолданыстағы құжат немесе азаматтығы жоқ Қазақстан Республикасына өтуге және келуіне визасы бар адамдарға, визасыз өту туралы келісімі ратификацияланған елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кедендік қызметінің лауазымды тұлғаларымен берілетін шекарадан өту туралы белгісі бар көші-қон карточкасы.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Қызмет көрсету мерзімі: 15 минут.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: қағаз жеткізгіште шығарылған ҚР ІІМ уәкілетті тұлғасының куәландырылған электрондық цифрлы қолтаңбасы бар электрондық құжат нысанындағы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдардың тіркелуі туралы төлқұжатына қосымша парақ.

2. Алматы қ. немесе Алматы обласының Көші-қон полициясы басқармасында.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  1. шетелдіктің немесе Қазақстан Республикасына өтуге және келуіне визасы бар, азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат, визасыз өтуге келісімі ратификацияланған елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;
  2. мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кедендік қызметінің лауазымды тұлғаларымен берілетін ҚР шекарасынан өту туралы белгісі бар көші-қон карточкасы;
  3. ерікті нысанда тіркеу туралы өтініш.

Қазақстан Республикасына 6 айдан аса мерзімге келген жағдайда, сіз қосымша келесі құжаттарды ұсынасыз:

  1. келу туралы 2 дана толтырылған мекенжай парағы (сол жерде толтырылады);
  2. келу парағына толтырылған статистикалық тіркеу талоны (сол жерде толтырылады);
  3. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі бір фотосурет.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: көші-қон карточкасында ҚР ІІМ лауазымды тұлғасының мөрі мен қолтаңбасын қою.

3

Қазақстан Республикасына уақытша келуге шақыру

Қазақстан Республикасына уақытша келуге шақырып отырған жақ сізді тіркеуді электрондық үкіметтің egov.kz порталында жүзеге асыра алады.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. авторизациядан өті және сауал тастау, куәландырылған ЭЦҚ;
  3. сауалда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
  • шетелдіктің немесе Қазақстан Республикасына өтуге және келуіне визасы бар, азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат, визасыз өтуге келісімі ратификацияланған елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;
  • мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кедендік қызметінің лауазымды тұлғаларымен берілетін ҚР шекарасынан өту туралы белгісі бар көші-қон карточкасы.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Қызмет көрсеті мерзімі: 15 минут.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: қағаз жеткізгіште шығарылған қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының куәландырылған электрондық цифрлы қолтаңбасы бар электрондық құжат нысанындағы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдардың тіркелуі туралы төлқұжатына қосымша парақ.

2. Алматы қ. немесе Алматы обласының Көші-қон полициясы басқармасында.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  1. шетелдіктің немесе Қазақстан Республикасына өтуге және келуіне визасы бар, азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат, визасыз өтуге келісімі ратификацияланған елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;
  2. мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кедендік қызметінің лауазымды тұлғаларымен берілетін ҚР шекарасынан өту туралы белгісі бар көші-қон карточкасы;
  3. ерікті нысандағы тіркеу туралы өтініш.

Қазақстан Республикасына 6 айдан аса мерзімге келген жағдайда, сіз қосымша келесі құжаттарды ұсынасыз:

  1. келу туралы 2 дана толтырылған мекенжай парағы (сол жерде толтырылады);
  2. келу парағына толтырылған статистикалық тіркеу талоны (сол жерде толтырылады);
  3. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі бір фотосурет.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: көші-қон карточкасында қызмет көрсетушінің мөрі мен қолтаңбасын қою.

4

Егер Қазақстан сіздің тирихи Отаныңыз болса

Сіз «оралман» мәртебесін алуға және әлеуметтік жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола аласыз.

5

Егер сіз жұмысқа орналасу мақсатында келген болсаңыз

Сіз алдымен ҚР аумағында еңбек қызметіне рұқсат алуыңыз қажет.

ҚР аумағында еңбек қызметіне рұқсатты Алматы қ. немесе Алматы облысының Ішкі істер департаментінің аудандық басқармасына өтінішпен білдіре отырып ала аласыз.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  1. белгіленген нысандағы еңбек иммигрантына рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама;
  2. жеке табыс салығы бойынша төлем туралы түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі;
  3. жеке басын куәландыратын құжат – нұсқаушы деректері бар беттердің түпнұсқасы мен көшірмесі және Мемлкеттік шекарадан өткендігі туралы белгісі бар беттер;
  4. көші-қон карточкасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген нысаны бойынша);
  5. саусақтардың таңбасын алу және сіретке түскендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы (белгіленген нысанға сәйкес).

Еңбек қызметіне рұқсат алуды ұзарту үшін иммигрант Алматы қ. немесе Алматы облысының Ішкі істер департаментінің аудандық басқармасына құжаттарды жеке тапсырады:

  1. нысан бойынша еңбек иммигрантынарұқсат беру туралы өтініш-сауалнама;
  2. жеке табыс салығы бойынша төлем туралы түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі;
  3. еңбек қызметіне бұрын берілген рұқсаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен иммигрант арасында жасалған еңбек шарты;
  5. еңбек иммигрантына рұқсат беру мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға қажетті қаражатты көрсетумен төлеу қабілеттігің растайтын құжат-түпнұсқа және көшірме;
  6. Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын растау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысаны бойыншамедициналық анықтама (№ 6697 нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген);
  7. медициналық сақтандырудың түпнұсқасы мен көшірмесі.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Еңбек қызметіне рұқсат берумен қатар«келу мақсаты» бағанында «еңбек иммигранты» деп көрсетілген жаңа көші-қон карточкасы жасалады.

Сіздің білуіңіз қажет!

ҚР аумағында еңбек қызметіне рұқсат сізге үй шаруашылығ бойынша жалдамалы жұмыс атқару үшін жеке тұлғамен жеке еңбек шартын жасасуға құқық береді. Еңбек иммигрантына ҚР аумағында еңбек қызметіне рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі 12 айдан аспауы керек. Жаңа рұқсат алдыңғы рұқсат мерзімі өткеннен кейін 30 күнтізбелік күн өткен соң беріледі.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.