• eng
  • қаз
  • рус

Төлқұжаттың жоғалу жағдайында шетел азаматына не жасау керек?

Шет елге келген кезде өз құжаттарыңызға әрқашан мұқият қарау керек, әйтпесе, сіздің көп қиыншылықтарға ұшырау тәуекеліңіз бар, оның ішінде - өз еліңізге қайту мәселесі.

Елдің көрікті жерлерінің орнына сізге оның мемлекеттік мекемелеріне баруға тура келетінің мүмкін болуына дайын болыңыз.

1

Не жасау керек?

Сіздің жүгінетін бірінші мекемеңіз Қазақстан полициясы болады. Сол жерде сіз құжатыңыздың жоғалуы немесе ұрлануы бойынша арыз беруіңіз қажет. Келесі қадамыңыз елшілікке бару болады.

Дәл осы үшін сізге жоғарыда ескерілген протокол немесе құжаттың жоқтығы туралы анықтама қажет болуы мүмкін. Осымен бірге, сізден 3,5х4,5 см форматындағы 2 фотоңызды беруге сұрайтын болады. Осыдан кейін кез-келген қол жетімді тәсілмен өз тұлғаңызды куәландыруыңыз қажет болады. Жақыныңызда 2 куәгер болуы жақсы болар еді. Сондай-ақ, сізбен бірге төлқұжатыңыздың көшірмесі бар болса, бұл жайт осы процедураны жеңілдете алады. Тұлғанызды сәйкестендіру процедурасы аяқталған кезде, сізге үйіңізге бару үшін рұқсат ретінде қызмет ететін қайту туралы куәлік берілетін болады. Қызметтің ақылы болуына дайын болыңыз, жағдайға байланысты елшілік алым 20 мен 100 шартты өлшем арасындағы соманы құрайды. Куәлікті алу үшін қажетті құжаттар тізімі полиция анықтамасынан (протокол), сауалнамадан, куәлікті ресімдеу өтінішінен, тұлғаңызды куәландыратын құжаттардан (ішкі төлқұжатыңыздың, жүргізуші куәлігініздің түпнұсқасы немесе көшірмесі, шетелдік төлқұжатыңыздың көшірмесі), 2 фотобейнеден мен елшілік алым төлеу түбіртегінен құралады. Егер сіз барлығын үлгі бойынша дұрыс жасасаңыз, қайта кету куәлігі сізге дәл сол күнде берілетін болады. Ол жеке тәртіпте сізге немесе сіздің өкіліңізге беріле алады. Ал егер сәйкестендіру процессі ұзаққа кетсе, оның берілуі бірнеше күнге созылуы мүмкін, себебі консулдық сіз келген мемлекетке сауал жіберетін болады. Куәлік сіздің қолыңызға жеткен кезде сіз үйіңізге қайта бара аласыз. Алайда, бітірілмеген істеріңіз бар болған жағдайда сіз тағы қысқа мерзімге қала аласыз, себебі куәлік 15-30 күн ішінде шығуды белгілейді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.