• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Кәсіби мамандықты қалай алуға немесе жоғарлатуға болады?

Егер сізде қажетті кәсіби мамандық болмаса, немесе кәсіби дағдыларға сәйкес келетін жұмыстың жоқтығына немесе қолда бар мамандықтың жұмысын орындауға қабілеттіліктің жоғалу себебіне байланысты кәсіпті ауыстыру қажеттігі бар болса Алматы қаласының жұмыспен қамту Орталығына өтінішпен бару керек, сол жерде сізді талап етілген мамандықтар бойынша кәсіби оқуға бағыттайды.

 

1

Кәсіби оқуға жолдама алу

Сол үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. тұлғаны растайтын құжаттың көшірмес;
  2. денсаулық жағдайы туралы № 086/У нысаны бойынша анықтама (кәсіби оқуға бағыттау берілгенге дейін беріледі);
  3. еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) немесе еңбек қызметін дәлелдейтін басқа құжат;
  4. білім алу туралы құжаттың көшірмесі (атттестат, куәгерлік, жоғары білім туралы диплом) және де оқудан өтуді растайтын басқа құжаттар: төлқұжат, куәлік (бар болса).

Егер сіз дара еңбекті шарт бойынша жұмыс істеп жатсаңыз (басқа сөзбен айтқанда жарым-жартылай жұмыс істейтін жалдама жұмыскер болып келсеңіз), қосымша сізді толық емес жұмыс уақытына немесе жұмыс уақытының азайтылған ұзақтығына ауыстыру туралы, немесе жалақының сақталуынсыз берілетін демалыстың берілуі туралы немесе баланы 3 жасқа келмейінше бағу себебі бойынша жалақының сақтамауынсыз берілетін демалыс туралы немесе еріксіз іркілу туралы жұмыс берушінің актін (ерікті түрде) көрсету керек.

Заңнамаға сәйкес, кәсіби оқудың ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты айқындалады және келесіден аспайды:

  1. 12 айлық кәсіби дайындалудың жүргізу барысында;
  2. 6 айлық қайта даярлаудың барысында;
  3. 3 айға созылатын мамандықты жоғарылату барысында.
2

Кәсіби оқудың бағдарламасына кім қатыса алады

Кәсіби оқудың ішіне кәсіби даярлау, қайта даярлау және мамандықтың жоғарылатуы кіреді.

Кәсіби оқудың Бағдарламасында келесі тұлғала қатыса алады:

  1. жұмыс іздеп жатқан тұлғалар;
  2. жұмыссыз тұлғалар;
  3. дербес еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатқандар.

Кәсіби оқудың Бағдарламасында басым тәртібінде келесі тұлғалар қатсыа алады:

  1. мүгедектер;
  2. мүгедек балаларды асырайтын ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар (жанашырлар);
  3. халықтық жұмыспен қамту орталығында есепте 6 айдан астам тұрған тұлғалар;
  4. бірінші рет жұмыс іздеп жатқан (бұрын жұмыс істемеген) және сонымен бірге мамандығы жоқ тұлғалар;
  5. бостандықтан айыратын орындардан босатылған және (немесе) мәжбүрлі емдеуден өткен тұлғалар.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.