• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Құжаттарды апостильдеу

Құжаттарды апостильдеу дегеніміз – құжатқа қол қойған тұлғаның қолтаңбасының түпнұсқалылығын куәландыру және оның өкілеттіктерін растау, сондай-ақ осындай құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын растау.

Құжаттарды апостильдеу рәсімін жасауды сіз egov.kz порталында немесе тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесі (ХҚКО) арқылы жүзеге асыра аласыз.

1

Egov.kz порталында құжаттарды апостильдеу

Ол үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторландырылу және өтініш беру;
  3. өтінішке апостильденген құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркеу;
  4. оң шешім болған жағдайда кез-келген банк картасымен немесе тұлғалық шоттан 0,5 ЕАК көлемінде қызмет үшін мемлекеттік баж төлеу;
  5. жеке кабинетте  аталған уақыттың ішінде келіп түсетін өз өтінішіңіз туралы хабарламамен танысу.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсету құны: 0,5 АЕК.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қағаз тасушыда «апостиль» мөрі бар дайын құжаттарды беру.

2

Құжаттарды тіркелген жері бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесі (ХҚКО) арқылы апостильдеу

Ол үшін сіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  1. белгілгенген нысандағы өтініш;
  2. жеке басыңызды куәландыратын құжат (жеке басыңызды сәйкестендіру үшін);
  3. апостильденуі тиіс құжат (түпнұсқа);
  4. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа);
  5. қызмет көрсетушінің өкілі жүгінген жағдайда, нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсету құны: 0,5 АЕК.

Қызмет көрсетудің нәтижесі: қағаз тасушыда «апостиль» мөрі бар дайын құжаттарды беру.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.