• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әлеуметтік-медициналық мекемедегі мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызмет

Денсаулық жайынан әрдайым күтім және медициналық көмек қажетсінетін бірінше және екінші топтағы жалғыз мүгедектерге, психикалық-неврологиялық науқастардың ішіндегі бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер қарттарға және мүгедектерге, жас жағынан қаралыстырған мүгедек балаларға интернаттарда беріледі. Бұл қызметтерге тіршілік ететін жағдайларды құрастыру, күтім қамсыздандыру, медициналық көмек беру, медициналық оңалту, еңбек-әлеуметтік адаптацияландыру, демалыс ұйымдастыру кіреді.

1

Алматы қаласының қай медициналық және әлеуметтік мекемелер мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді?

  1. Мүгедектер мен психоневрологиялық ауруы бар адамдар үшін пансионат.
  2. Ақыл-есі кем балаларға арналған балалар үйі.
  3. Алмалы және Әуезов аудандарында мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтары.
  4. Мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері.
2

Медициналық және әлеуметтік мекемеге қалай тіркелуге және жолдама алуға болады?

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімшесіне жүгінуге және келесі құжаттарды тапсыруға болады:

  1. қызмет алушының жеке басын куәландыратын жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;
  2. мүгедектік туралы куәліктің көшірмесі (қарт адамдар үшін міндетті емес);
  3. тар мамандардың қорытындылары бар медициналық карточка және тұрғылықты жердегі медициналық мекеменің талдауы;
  4. мүгедектерге арналған жеке оңалту бағдарламасының үзінді көшірмесі (қарттар үшін міндетті емес);
  5. 18 жастан асқан тұлғалар үшін (егер ондайлар болса) адамның қабілетсіздігін мойындау туралы сот шешімінің көшірмесі;
  6. зейнетақы туралы куәліктің көшірмесі - зейнеткерлік жастағы адамдар үшін;
  7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектігі бар ардагердің және оларға теңестірілген адамның мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Құжаттар түпнұсқада және салыстырып тексеру үшін көшірмелерде беріледі, содан кейін түпнұсқа құжаттар қызмет алушыға қайтарылады.

Қызмет көрсету мерзімі: 17 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: медициналық және әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мерзімін көрсететін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы негізделген жауап.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.