• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мектептен шығару

Егер де сізге балаңыздың сынып жетекшісі балаңызды мектептен шығару туралы харбарласа, балаңызды ұрсуға асықпаңыз. Алдымен біздің мақаламызды оқып, мектептен шығаруға себеп болатын жағдайлар мен шығару тәртібімен танысыңыз.

Оқушыны мектептен (лицейден, гимназиядан) шығару әкімшілік ықпал етудің ақырғы шарасын білдіреді және білім беру мекемесінің жарғысын бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін қолданылады.

Оқушыны мектептен шығару белгілі бір талаптар мен Орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын қатаң сақтай отырып орындалуы мүмкін.

1

Баланың мектептен шығарылуына әкеп соқтыратын себептер

Оқушының мектептен шығарылуы – оның оқу орнындағы жүріс-тұрыс тәртібі мен ережелерді жұйелі түрде бұзуы салдарынан жүзеге асырылатындықтан, сынып жетекшісі оның лайықсыз тәртібі, үлгерімінің нашарлауы және істеген теріс қылықтары туралы баланың ата-анасын немесе басқа заңды өкілдерін (қамқоршы, қорғаншы, патронаждық тәрбиелеуші) уақтылы хабардар етуге міндетті.

Мектептегі сабақтан 10 күн және одан көп уақыт дәлелді себепсіз қалған жағдайда оқушы ювеналды полиция бөліміне есепке алынады, ал ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.  Бала мектепке барудан үзілді-кесілді бас тартатын болса, ол соттың шешімімен әумесер мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке орналастырылуы мүмкін.

Ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан уақтылы қабылданған педагогикалық шаралар бұл жағдайды баланың мектептен шығарылуына дейін жеткізбеуге көмектеседі.

2

Қандай әрекет жасау қажет?

Бала сабақтан шеттетілген жағдайда ата-анасы немесе басқа заңды өкілі (қамқоршы, қорғаншы, патронаттық тәрбиелеуші) мектеп директорына тиісті сұрақ бойынша арызбен жүгініп, шеттетілуді жазбаша негіздеуді талап етуі тиіс. Сабақтардан негізсіз шеттетілген жағдайда Алматы қаласы Білім басқармасының аудандық бөліміне, Алматы қаласы Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі бөліміне, Алматы қаласының прокуратурасына арыз жазу қажет.

3

Мектептен шығару туралы шешім

Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдарының келісімімен қабылданады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығарылған балалардың жалпы орта білім алуы түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектепте, кешкі және жекеменшік мектепте немесе экстернат нысанында жалғасады.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.