• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мен балаға алимент ала алмай жүрмін

Қазақстанда ажырасу саны азаймай келеді, бұл ретте ерлі-зайыптылар да, балалар да зардап шегеді. Ажырасу тек психологиялық жағдайға ғана емес, материалдық жағдайға да әсер етеді. Әдетте, ажырасқаннан кейін ол қатты нашарлайды. Сол кезде алиментке жүгінуге тура келеді, алайда екінші тарап алимент төлеуді әрдайым қуанышпен қабылдай қоймайды. Көбіне алимент төлемеуге барынша тырысады. Мұндай жағдайда не істеу керек және қайда жүгінуге болатыны жайында біздің мақаламызда оқыңыз.

Алимент – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Алимент төлеушінің еңбекақысынан немесе басқа кіріс көздерінен өндіріліп алынады.

Егер сіздің жұбайыңыз кәмелетке толмаған балаға (-ларға) ерікті түрде алимент төлеуден бас тартса, сіз алиментті мәжбүрлі түрде өндіріп алуға құқылысыз. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 164 б. бойынша, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға болады. Бұл ретте осы кезеңге дейін алимент алынбағаны анықталса, 3 жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріліп алынуы мүмкін.

1

Алимент өндіріп алу үшін не істеу қажет?

Алимент өндіріп алу үшін тіркелу орны бойынша Алматы қ. аудандық сотына талап арызбен жүгіну керек.

Талап арызбен қоса берілуі тиіс құжаттар:

  1. неке туралы куәлік көшірмесі;
  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. баланы денсаулық жағдайы туралы анықтама (баланың тіркелу орны бойынша емханадан алынады);
  4. борышкердің еңбекақысы туралы анықтама;
  5. талапкердің жеке куәлігінің көшірмесі;
  6. мекенжай анықтамасы.

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығы.

Алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының көшірмесі табыс етілгені туралы хабарламамен борышкерге жіберіледі. Соңғысы хабарламаны алған күннен бастап он күн ішінде сот органына қарсылық жіберуге құқылы. Егер белгіленген мерзімде олай болмаса, судья өндіріп алушыға сот мөрімен расталған сот бұйрығын береді.

Осы сот бұйрығымен және алимент өндіріп алу туралы талап арызбен сізге Алматы қ. Сот актілерін орындау департаментіне жүгіну қажет.

Сот орындаушысы құжаттар түскен сәттен бастап 3 тәулік ішінде атқару өндірісін қозғап, бұл туралы қаулы шығарады.

Қызмет көрсетудің нәтижесі: алимент өндіру жөніндегі атқару өндірісі қозғалады.

Білу маңызды!

Сіз алимент өндіріп алу үшін жеке сот орындаушысына жүгіне аласыз. Бұл ретте, заңнамадағы өзгерістерге сәйкес жеке сот орындаушыларына талапкерден алименттерді өндіріп алу бойынша қызмет көрсеткені үшін алдын ала аванс төлеуді талап етуге тыйым салынады. Алимент өндіріп алу әлеуметтік маңызы бар істер санатына жатқызылған және осындай іс жүргізу бойынша борышкерде өндіріп алуға болатын кірістер мен мүлік болмаған жағдайда, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.