• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мен босқынмын

Дәл қазір әлемнің бір жерінде соғыстар болып жатыр, үстемшіл құрылыс қатаюда, адамдар отырған жерінен қашып басқа мемлекеттерден  қорғаныш іздеуде. Егер cіз өміріңізге қауіп төндіретін мұндай жағдайларда Қазақстанды  қолайлы деп қарастырсаңыз, онда бұл жерде босқын мәртебесін қалай алу керек екендігін білуіңіз қажет. Әскери әрекеттерге байланысты пана іздеп жүрген немесе нәсілдік, діни белгілері бойынша жапа шеккен өзге елдің азаматына Қазақстанда босқын мәртебесін беру саяси тұрғыда белгіленген тәртіпті сақтауды түсіндіреді.

1

Босқын мәртебесін иемдену

Босқын мәртебесін иелену үшін Қазақстан Республикасына келгеннен кейін күнтізбелік 5 күн ішінде (нәсілдік, ұлттық белгілері бойынша қуғын құрбанына ұшырауы мүмкін жағдайларда немесе дін тұту, саяси пікірлер, белгілі бір қоғамдық топқа тиесілі болу) тіркелген жері бойынша Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне жүгіну қажет.

Ол үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. белгіленген нысанда босқын мәртебесін иелену туралы өтініш;
  2. пана іздеп жүрген тұлғаны куәландыратын құжат;
  3. өтініш дәлелдігін растайтын құжаттар немесе материалдар (бар болған жағдайда).

Пана іздеп жүрген адамдның жеке куәлігі болмаған жағдайда, ол туралы деректер өз сөзінен жазылады.

Пана іздеп жүрген адам амалсыздан Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір күн ішінде Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне жүгінеді.

Қызмет көрсету мерзімі: 90 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: босқын мәртебесін иелену және босқын куәлігін беру немесе босқын мәртебесін беруден бас тарту.

Босқын мәртебесі ұзарту мүмкіндігімен бір жылдық мерзімге беріледі.

2

Босқын мәртебесінің мерзімін ұзарту

Босқын мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін тіркелген жері бойынша Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне жүгіну қажет.

Ол үшін cіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  1. белгіленген нысанда босқын мәртебесін иелену туралы өтініш;
  2. пана іздеп жүрген тұлғаны куәландыратын құжаттар;
  3. өтініштің дәлелдігін растайтын құжаттар немесе материалдар (бар болған жағдайда).

Қызмет көрсету мерзімі: 90 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: босқын мәртебесін ұзарту немесе босқын мәртебесін ұзартудан бас тарту.

Босқын мәртебесі ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі.

3

Босқын мәртебесін иеленуге рұқсат етілмейді

  1. Егер нәсілі, ұлты бойынша белгілеріне, дін тұтуына, азаматтығына, белгілі бір қоғамдық топқа жатуына немесе саяси пікірлерге байланысты қуғын құрбанына ұшырау қаупі болмаса.
  2. Егер адам мәлімет беруден немесе өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу себебі туралы жалған мәлімет берген болса, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынған болса.
  3. Егер ол адамда қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса.
  4. Егер адам оны қорғай алатын немесе босқын мәртебесін ала алатын мемлекеттен келген болса.
  5. Егер аталған тұлғаға қатысты террористік, экстремистік әрекеттерге қатысы бар немесе қатысқандығы туралы, сондай-ақ азаматтық алған елде немесе келген мемлекетте жұмыс істейтін тыйым салынған діни ұйымдарға қатысы бар екендігі туралы болжамдар болса.
  6. Егер аталған тұлғаға қатысты халықаралық актілерде көрсетілген әлемге қарсы қылмыс, әскери қылмыс немесе адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны туралы болжам болса.
  7. Егер аталған тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының шегінен тыс, оның аумағына өткенге дейін саяси емес сипатта ауыр қылмыс жасағандығы туралы болжам болса.
  8. Егер аталған тұлғаға қатысты БҰҰ және Халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен қағидаттарына қарсы әрекеті үшін айыпталғандығы туралы болжамдар болса.
  9. Егер ол адам БҰҰ Босқындар істері бойынша Жоғарғы Комиссарының Басқармасынан басқа, БҰҰ органдарының немесе мекемелердің қорғауында болған немесе көмек сұраған болса.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.