• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мен ұшақ билетін сатып алғым келеді

Ұшақ қалалар мен елдер арасындағы саяхатта ең жылдам және ең ыңғайлы жол болып табылады. Сондықтан егер басқа елге немесе тіпті басқа континентке, алыс қалаға сапарға баруды жоспарласаңыз, онда сіз әуе билетін сатып алу туралы ойлануға тиіссіз.

1

Интернет арқылы әуе билетін сатып алу

Онлайн билеттерін сатып алу, әуежайға бару қажеттігін жояды, және, осылайша сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Әуе агенттіктер сайттарында немесе ішкі және халықаралық әуе тасымалдауды жүзеге асыратын әуе компаниясының ресми сайтында билетті сатып алуға болады.

Билетке сіз екінші деңгейдегі банктердің төлем карточкасы арқылы төлем жасай аласыз (интернет арқылы ашық төлем функциясымен). Электрондық билет саны көрсетілген түбіртек электронды поштаңызға келіп түседі. Сіз жай ғана чекті басып шығарып және әуежай қызметкеріне тікұшаққа тіркеу жасау кезінде  оны ұсынсаңыз болғаны.

Билеттер қайтару сіз билетті сатып алған әуе компаниясының және ұшу ережелері мен тарифтар бойынша жүзеге асырылады. Әдетте, онлайн сатып алынған билеттерге қаражатты қайтару, сатып алу жасалған картасына жіберіледі. Әдетте, билетке неғұрлым жеңілдік көп болса, соғұрлым оларды қайта брондау және қайтару  мүмкіндігі аз болады.

2

Әуежайда билет сатып алу

Шет елге жол жүретін болсаңыз кассирге Қазақстан Республикасының паспорты мен шет мемлекеттің визасын көрсетіп әуежайда авиабилет ала аласыз. Егер балалармен бірге саяхаттасаңыз бірге балалардың туу туралы куәлігін көрсетесіз.

Билеттер қайтару сіз билетті сатып алған әуе компаниясының және ұшу ережелері мен тарифтар бойынша жүзеге асырылады. Әдетте, онлайн сатып алынған билеттерге қаражатты қайтару, сатып алу жасалған картасына жіберіледі. Әдетте, билетке неғұрлым жеңілдік көп болса, соғұрлым оларды қайта брондау және қайтару  мүмкіндігі аз болады.

3

Балаға билет сатып алу

Балаға билет сатып алу үшін, алдын ала тапсырыс жасау кезінде баланың жас тобын көрсету керек: 0-2 жыл және 2-12 жыл. Барлық әуе компаниялары балаларға арналған билеттер бойынша жеңілдіктер ұсынады.

Нәрестелер үшін (0-2 жыл) әдетте жеңілдік  мөлшерлемесі стандартты тарифтің 90% құрайды; (2-12 жыл) балаларға - жеңілдік мөлшерлемесі стандартты тарифтің 25% құрайды; 12-ден жастан асқан балаларға билеттер стандартты тарифтер бойынша тапсырыс беріледі. Бір ересек төрт баламен саяхат жасауға болады.

4

Азаматтардың кейбір санаттарына арналған жеңілдіктер

Әуе компаниялары азаматтардың кейбір санаттарына арналған жеңілдіктер қоланады:

  1. 1 және 2 топтағы мүгедектер - 50%-ға дейін жеңілдік;
  2. жастар, жасы 16-дан 25-ке дейін;
  3. қарттар, жасы 60-тан асқан;
  4. ҰОС ардагерлері.

Ескерту: жеңілдіктің нақты көлемі мен оны алу тәртібін әуе компаниясынан біле аласыз.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.