• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Менің үй салғым келеді

Өз үйіңіздің құрылысы барысында сіз ол дұрысында қалай болуы керек туралы өз елестеріңізді іске асыра аласыз. Кірпіштерінің қаланып, сіздің үйдің салынғанына қарай, сіз еңбек нәтижесіне және салынған күш-жігерден қуанышты сезінесіз.

Жеке тұрғын үй тұрғызу құрылыстың келесідей  рәсімдерінің сақталуын білдіреді.

1

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттары сіз ала аласыз:

1. Еgov.kz порталында.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды  ұсынуыңыз қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу;
  2. авторланудан өту және бастапқы материалды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды  беру туралы өтініш беру;
  3. өтінішке қоса тіркеу керек:
  • жер теліміне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі немесе қайта қалпына келтіру  үшін жергілікті атқарушы органның шешімі (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға);
  • жобалауға ғимарат құрылысының электрондық көшірмесі;
  • инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу үшін техникалық шарттарға арналған  сауалнама парақтарының электрондық көшірмесі.

Бастапқы материалдарды алу үшін:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру туралы өтініш;
  2. жер теліміне құқық белгілейтін құжаттың немесе қайта қалпына келтіру  үшін (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) Алматы қ. Сәулет және қала құрылысы Басқармасы шешімінің электрондық көшірмесі;
  3. жобалауға бекітілген ғимарат құрылысының электрондық көшірмесі;
  4. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу үшіш техникалық шарттарға арналған  сауалнама парақтарының электрондық көшірмесі;
  5. топографиялық түсірілімнің электрондық көшірмесі.

Ескерту: жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама,  мемлекеттік корпорацияның қызметті көрсетушісі және қызметкері сәйкесінше мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 15 жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі нысандарды жобалау өтінішін қарау – 15 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 17 (он жеті) жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: келесідей бастапқы материалдар қосымшасымен сәулет-жоспарлау тапсырмасы:

  1. техникалық шарттар;
  2. сыртқы инженерлік желілер трассасы сұлбасы;
  3. егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
  4. тік жоспарлау белгілері;
  5. жолдар мен көшелердің көлденең профильдері.

2. Тіркелген орны бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ аудандық бөлімі арқылы.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды  ұсынуыңыз қажет:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
  4. оның нысаналы мақсаты көрсетілген жер теліміне меншік құқығы актісі – жеке тұрғын үй немесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді (меншік иесі туралы мәліметтер) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. жылжымайтын мүлікке құқықтарды  мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті  қалай алуға  болатындығын мұнда білуге болады:
  5. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы.

Бастапқы материалдарды алу үшін қажетті:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
  4. жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қайта қалпына келтіруге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның шешімі, құқық белгілейтін құжаттарға қатысты мұнда білуге болады;
  5. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы;
  6. топографиялық түсірілім.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 15 жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі нысандарды жобалау өтінішін қарау – 15 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 17 (он жеті) жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: келесідей бастапқы материалдар қосымшасымен сәулет-жоспарлау тапсырмасы:

  1. техникалық шарттар;
  2. сыртқы инженерлік желілер трассасы сұлбасы;
  3. егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
  4. тік жоспарлау белгілері;
  5. жолдар мен көшелердің көлденең профильдері.

3. Жер телімінің тіркелген жері бойынша Алматы қ. Сәулет және қала құрылысының аудандық Басқармасында.  

 Ол үшін сіз келесі құжаттарды  ұсынуыңыз қажет:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
  4. оның нысаналы мақсаты көрсетілген жер теліміне меншік құқығы актісі – жеке тұрғын үй немесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді (меншік иесі туралы мәліметтер) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. жылжымайтын мүлікке құқықтарды  мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті  қалай алуға  болатындығын мұнда білуге болады;
  5. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы.

Бастапқы материалдарды алу үшін келесілерді жасау қажет:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
  4. жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қайта қалпына келтіруге  (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның шешімі, құқық белгілейтін құжаттарға қатысты мұнда білуге болады;
  5.  инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы;
  6. топографиялық түсірілім.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер трассасының сұлбасы) – 15 жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі нысандарды жобалау өтінішін қарау – 15 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 17 (он жеті) жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: келесідей бастапқы материалдар қосымшасымен сәулет-жоспарлау тапсырмасы:

  1. техникалық шарттар;
  2. сыртқы инженерлік желілер трассасы сұлбасы;
  3. егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
  4. тік жоспарлау белгілері;
  5. жолдар мен көшелердің көлденең профильдері.
2

Эскиздік жобаны әзірлеу және келісім алу

Жер телімінің тіркелген жері бойынша Алматы қ. аудандық сәулет және қала құрылысы Басқармасымен эскиздік жоба бекітілген болуы тиіс.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды  ұсынуыңыз қажет:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. эскиздік жоба;
  4. сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі.

Қызмет көрсету мерзімі: техникалық және технологиялық жағынан күрделі емес нысандардың эскизін қарау үшін – 10 жұмыс күнінен артық емес; техникалық және технологиялық жағынан күрделі нысандардың эскизін қарау үшін – 15 жұмыс күнінен аспайды. Дәлелді бас тартқан жағдайда 5 жұмыс күнінен артық емес.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: эскиздік жобаға келісім алу, не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3

Үй құрылысын жүргізу

Үй құрылысына тікелей кірісу кезеңі алдында құрылыс жұмыстарын атқарушымен бас мердігерлік шартын  және осы қызмет түріне лицензиясы бар компаниямен техникалық қадағалау туралы шарт жасасу қажет.

Оның құрылысына сізге бір жыл беріледі.

Білгеніңіз маңызды!

  1. ҚР «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңның 3-бабына көрсетілгендей, тұрғын үйді өз бетінше, сондай-ақ қауіпсіз өмір сүру шарттарын бұзбайтын  және сәулет – жоспарлау тапсырмасында айтылатын мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкес келетін  кез келген жоба бойынша мердігерлік ұйыммен салуға рұқсат етіледі.
  2. СЖТ шарттары (сәулет-жоспарлау тапсырмасы) және техникалық шарттар енгізілмеген жоба бойынша үй құрылысын бастауға болмайды. Мұндай үйді заңсыз болып танылады, ал оның иесіне айыппұл салынады!
4

Нысанды пайдалануға қабылдау

Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтағаннан соң мердігерден сізбен нысанның дайын болғандығы туралы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін (егер нысан мердігерлік тәсілмен салынса) пайдалануға қабылдау рәсіміне кірісу қажет. 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң күшіне енді, оған сәйкес нысанды пайдалануға комиссиялық қабылдау алынып тасталды. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 74 бабына сәйкес тұрғын үй иесі техникалық жағынан күрделі емес нысандардың аяқталған құрылысын пайдалануға беруді қабылдауды өз бетінше жүзеге асырады алады.

Нысанды пайдалануға қабылдау актілеріне келесі тұлғалар қол қояды:

  1. тапсырыс беруші (сіз);
  2. мердігер (құрылыс бригадасы);
  3. авторлық қадағалау (жобалық-сметалық құжаттаманы орындаған компания);
  4. техникалық қадағалау (техникалық қадағалау туралы шарт жасалған компания).

Сонымен барлығы 4 нысанды пайдалануға қабылдау актіне қол қойылуы тиіс. Бұл дегеніміз, үдерістегі барлық аталған қатысушылар әкімшілік, құрылыс нормалары бұзылу салдарынан болатын азаматтардың өміріне және денсаулығына төнген қауіптер үшін қылмыстық жауапкершілікті көтереді.

Нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін сізге беріледі:

  1. мердігермен (құрылыс бригадасымен) - бекітілген жобаға орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сәйкестігі туралы декларация;
  2. техникалық қадағалаумен (шарт бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компания) - құрылыс-монтаж жұмыстарының сапалы орындалуын растау туралы қорытынды;
  3. авторлық қадағалау - орындалған жобалық шешімдермен бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарының сәйкестігі туралы қорытынды.

Күрделі емес нысандардың аяқталған құрылысын  пайдалануға өз бетінше қабылдау рәсімі келесідей  негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. меншік иесімен салынған нысанды пайдалануға өз бетінше қабылдау актісін рәсімдей отырып, техникалық жағынан күрделі емес нысанды пайдалануға қабылдау;
  2. жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамаларының  не болмаса  нысанды жобалау  үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) эскиздерінің (эзкиздік жоба) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын тексеру;
  3. орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдар, конструкциялар) және жабдықтардың жобаға (жобалау-сметалық) құжаттамаға не  болмас эскизге (эскиздік жоба), сондай-ақ егер нысан мердігерлік тәсілмен салынса мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін тексеру.

Меншік иесімен өз бетінше нысанды  пайдалануға енгізу күні  актке қол қойылған күні болып есептеледі.

Бұдан кейін нысанды пайдалануға қабылдау туралы актке Алматы қ. аудандық сәулет және қала құрылысы Басқармасымен қол қою қажет.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды  ұсынуыңыз қажет:

  1. Алматы қ. мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат  беру;
  2. «Мемсараптама» РМК берілген жағдайларға байланысты басқа да ұйымдардың рұқсат беруі (коммуналдық, сейсмологиялық, экологиялық қызметтер);
  3. әкімдікпен және қалалық қызметтермен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар;
  4. жобалық-сметалық құжаттама (эскиздік жоба);
  5. қабылдау акттері (4-дана).

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қол қойылған нысанды  пайдалануға қабылдау акті негізінде (күні көрсетіле отырып) жылжымайтын мүлік нысандарының  сәйкестендіру құжаттары және  жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу рәсімделеді.

5

Техникалық төлқұжат алу

Құрылыс аяқталғаннан кейін, сізге құрылысты және оған техникалық төлқұжат алу арқылы құқықтарды заңдастыру рәсімін жүргізу қажет. 

Салынған нысанның  техникалық төлқұжатын алу үшін сізбен сәйкесінше өтініш беріледі:

1. Еgov.kz. порталында.

Ол үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторизациядан өту және сұрау беру;
  3. сұрау салуға электрондық көшірмелерді қоса тіркеу;
  4. бар болған жағдайда жылжымайтын мүліктің қолда бар техникалық төлқұжат  және (немесе) жер телімінің сәйкестендіру құжаты қосымшасымен жылжымайтын мүлік нысанына құқық белгілейтін құжат; Қандай құжаттар құқық белгілейтінін мұнда білуге болады;
  5. техникалық құжатты беру үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінде немесе «Қазпошта» АҚ).

Мемлекеттік баж екі кезеңде төленеді – өтініш берген кезде және техникалық төлқұжатты алған кезде. Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын алу  барысында жылжымайтын мүлік нысанын  мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж салығын сіз сондай-ақ, кез келген банктің төлем картасы көмегімен «электронды» түрде немесе «Мемлекеттік қызметтер бөлімінде» www.adilet.gov.kz, орналастырылған баға көрсеткішіне сәйкес жеке шотты көрсету арқылы төлей аласыз.

Төлем жүргізу үшін электрондық төлем комиссиясы 100 теңгені құрайды.

Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын алу  барысында жылжымайтын мүлік нысанын  мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.

Қызмет көрсету мерзімі: жеке кабинетте көрсетіледі.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: алу күнін және орнын көрсете отырып, техникалық төлқұжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама «Азаматтарға арналған Үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.

Жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжатын алу үшін, белгіленген күні сіз Алматы қ. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» КЕАҚ баруыңыз керек.

2. Тіркелген орны бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ аудандық бөлімі.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. техникалық төлқұжатты беруге өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. бар болған жағдайда жылжымайтын мүліктің қолда бар техникалық төлқұжат  және (немесе) жер теліміне жеке меншік құқығы акті қосымшасымен жылжымайтын мүлік нысанына құқық белгілейтін құжат; Қандай құжаттар құқық белгілейтіндерге жататындығын мұнда білуге болады;
  4. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде www.adilet.gov.kz, орналастырылған баға көрсеткішіне сәйкес көрсетілген қызметтерге  мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.

Мемлекеттік баж екі кезеңде төленеді – өтініш берген кезде және техникалық төлқұжатты алған кезде. Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын алу  барысында жылжымайтын мүлік нысанын  мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.

Қызмет көрсету мерзімі: пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық төлқұжат үшінші жұмыс күні беріледі. Жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық төлқұжат бесінші жұмыс күні беріледі.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлік нысанының төлқұжаты.

6

Пайдалануға беру актісін тіркеу және оның сәйкестендіру сипаттамаларына өзгерту енгізу

Пайдалануға беру актін тіркеу және оның сәйкестендіру сипаттамаларына өзгерістер енгізу барлық негізгі рәсімдердің соңғы кезеңі болып табылады, оны мұнда жүгіне отырып, жүргізуге болады:

1. Тіркелген орны бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық бөлімі.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды  ұсынуыңыз қажет.

Егер сіз жеке тұлға болсаңыз:

  1. жылжымайтын мүлікке құқықты (құқықтық ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа);
  3. нысанның тіркелгенін растайтын құқық белгілейтін құжат;
  4. тіркеу алымы төленгендігі туралы түбіртек немесе жекелеген жеңілдіктер санатын растайтын және алымдарды төлеуден босататын құжат.

Егер сіз заңды тұлға болсаңыз:

  1. жылжымайтын мүлікке құқықты (құқықтық ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. нысанның тіркелгенін растайтын құқық белгілейтін құжат;
  3. тіркеу алымы төленгендігі туралы түбіртек немесе жекелеген жеңілдіктер санатын растайтын және алымдарды төлеуден босататын құжат;
  4. құрылтай құжаттары;
  5. «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдармен немесе құрылтай құжаттарында қарастырылған жағдайларда жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің ) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзінді көшірмелер);
  6. шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармасымен шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын  растайтын басқа заңдастырылған құжат ұсынады.

Ескерту:

  • егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерінене асып кететін мәліметтер қамтылса, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала монополияға қарсы органның жазбаша келісімі ұсынылады;
  • жылжымайтын мүлікке құқықтың  туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар және мемлекеттік тіркеудің өзге де нысандары екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.

Қызмет көрсету мерзімі: қызметті көрсетушіге өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде. Жеделдетілген тәртіппен жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу кезінде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) өтініш түскен сәттен бастап, келесі жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлік құқығына (ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені немесе тіркеуді тоқтату туралы белгісі бар құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша  дәлелді жауап.

2. Нотариусқа (egov.kz. порталында электрондық тіркелу кезінде.

Ол үшін келесілерді жасау қажет:

  1. нотариустың ЭЦҚ-мен куәландырылған сауал беру;
  2. құжаттарды ұсыну:
  • қызметке алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
  • нотариуспен куәландырған тіркеу нысанын растайтын құқық белгілейтін құжаттар (сұратуға электрондық нысанда нотариус қоса тіркейді);
  • тіркеу алымы сомасын бюджетке төлеу немесе  жекелеген жеңілдіктер санатын растайтын және санаттары үшін алымдарды төлеуден босататын құжат: бөлек тұратын зейнеткерлер және мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жыл бойы кадрларды даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері (сұратуға электрондық нысанда қоса тіркейді);
  • мәмілеге қатысушылардың интернет желісіндегі электрондық мекенжайлары (болған жағдайда).

Қызмет көрсету мерзімі: қызметті көрсетушіге өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде. Жеделдетілген тәртіппен жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу кезінде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) өтініш түскен сәттен бастап, келесі жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу немесе тіркеуді тоқтату туралы хабарлама жолдамасы немесе тіркеуді тоқтату немесе тіркеуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.