• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мүгедектің оңалту бағдарламасы

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (әрі қарай - ОЖБ) - оңалту шараларын жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін, сондай-ақ әлеуметтік көмектің түрлерін анықтайтын құжат, ол меншік нысаны мен шаруашылық тәсілдеріне қарамастан тиісті мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

1

ОЖБ қалай әзірленеді?

ОЖБ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органымен медициналық ұйымдардың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедекті куәландырған күннен бастап бір айдың ішінде әзірленеді.

Мүгедектердi оңалту ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулықтың нашарлауынан туындаған тiршiлiк әрекетінің шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды. 

2

Қалай алуға болады?

ОЖБ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар басқармасына ұсынылған келесі құжаттардың негізінде мүгедектікті белгілеу мерзімінде әзірленеді:

  1. ОЖБ алуға арналған өтініш (мүгедектің немесе оның заңды өкілінің);
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, село немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);
  4. медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы (мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда);
  5. мүгедектікті растайтын анықтаманың көшірмесі (мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда);
  6. амбулаторлық аурудың медициналық картасы.
3

ОЖБ неден тұрады?

  1. ОЖБ картасынан.
  2. ОЖБ картасының үзінді көшірмесінен.
  3. Оңалтудың медициналық бөлігінен.
  4. Оңалтудың әлеуметтік бөлігінен (жергілікті атқару органдарының мамандарымен жүргізілетін мүгедектің өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актінен).
  5. Оңалтудың кәсіптік бөлігінен (жұмыс істейтін мүгедектердің өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайы туралы мәліметтерден).
4

Медициналық оңалту нені қамтиды?

  1. Оңалтудың медициналық бөлігін медициналық ұйымдар мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

      2. Медициналық оңалту жөнiндегi iс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.

      3. Санаторий-курорттық емдеу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайтын тәртiпте, жеке оңалту бағдарламарына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға ұсынылады.

      4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.

      5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекті санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсынылады.

5

Әлеуметтік оңалту нені қамтиды?

Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

  1. мүгедектердi жеке бас гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік машықтарына үйрету;
  2. мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
  3. бөгде адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
  4. оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер ұсыну:
  • жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшi;
  • есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тiлi маманын – жылына алпыс сағатқа.

      5. медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсету;

      7. оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге түрлері.

6

Кәсіптік оңалту нені қамтиды?

Оңалтудың кәсіптік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте алынған лицензияның негізінде білім беру қызметін атқаратын ұйымдар жүргізеді.

Мүгедектерді кәсіптік оңалту келесілерді қамтиды:

  1. кәсіптік бағдарлауды;
  2. кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды);
  3. жұмысқа орналастыруды.

Кәсiптiк бағдарлауды білім беру, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары жүзеге асырады.

Мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер мүгедектерді кәсіптік бағдарлауға қатысады.

Мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте алынған лицензия негiзiнде бiлiм беру қызметiн жүргiзетiн ұйымдар жүзеге асырады.

Оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктері бойынша өткізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалауды, мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе оны динамикалық бақылау тәртібінде аумақтық бөлімше жүзеге асырады. ОЖБ-ны уақытында түзету және одан арғы оңалту шараларын әзірлеу үшін аумақтық бөлімше динамикалық қадағалауды ұйымдастырады, ол үшін мүгедектің аумақтық бөлімшеде болуының бақылау мерзімдерін анықтайды.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.