• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

№53 қаулы: Құрбан айт күндері қандай іс-шараларды өткізуге тиым салынады

Алматы қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Алматы қаласының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін іс-шараларды өткізуге тиым салу туралы» 24.07.2020 ж. №53 қаулысы

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы карантиндік шектеу шараларын ескере отырып және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында Құрбан айт мерекесі қарсаңында онлайн режимде жұмыс істейтін «QURBAN-2020» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға кірісті.

«Жобаны жүзеге асыру үшін «QURBAN-2020» арнайы сайты іске қосылған, сонымен бірге онлайн түрде құрбандық шалудың алгоритмі мен процедурасы жасалды», - деді Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шоқай.

Акция аясында құрбан шалынып, мұқтаждарға ет таратылады. Ол үшін сайтқа кіріп, қажетті мәліметтерді толтырып, құрбандыққа шалынатын малды таңдап, төлемін жасау керек. Құрбандық шалудың фотосы мен видеосы бар есеп тапсырыс берушінің номеріне Whatsaap мессенджері арқылы жіберіледі. Ет қайырымдылық ретінле тұтастай таратылады.

Бүгінгі таңда ірі және ұсақ малды құрбандыққа шалуға 55 өтініш келіп түскен. Мереке жақындаған сайын құрбан шалуға өтініш білдірушілер саны көбейе түседі деп күтілуде.

Сонымен бірге, сайтта құрбандыққа шалынған етті алуға өтініш беруге болады. Сонымен бірге, Еркінбек Шоқай атап өткендей, әкімдік жанында өтініш бергеніне қарамастан, көмек көрсетілетін мұқтаж адамдар тізімі бар.

Құрбандық шалу рәсімін жүргізуге өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға өтініш қалдыруы сайт арқылы 24 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Алматыда арнайы штаб жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі:

+7 (7172) 33 30 30

 

 

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.