• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде берген тапсырмаларының орындалуы туралы

Алматы әкімі ағымдағы жылдың 17 тамызында Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесіп, оның барысында 146 сұрақ қойылған еді, қазіргі кезде олардың 35%-і шешілді, 53%-і түсіндірілді, 12%-і қаралуда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов айтып берді.

146 сұрақтың 106-сы қала әкімдігінің кәсіби басқармаларының құзырына жатады.

Сұрақтар негізінен мына мәселелер бойынша қойылды - тротуарларды, арық желілерін, жолдарды жөндеу, сыртқы жарық желілерін дамыту әрі модернизациялау, жеке секторда қоғамдық көлік бағытын ұзарту, түзу емес жасанды қондырғыларды және жол белгілерін орнату арқылы жол қауіпсіздігін күшейту, тұрғын үй-коммуналды қызмет және басқалары.

40 сұрақ аудан әкімдігі аппаратына тиесілі, олардың 16-сы шешілді, 19-ы түсіндірілді, 5-і жұмыс үстінде.

Түскен сауалдарға жүргізілген сараптама аудан тұрғындарын ауданның жеке секторына инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізу, өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру, көше мен аулаларды судың басып қалуы, арық және сыртқы жарық желілерін салу, тұрғын үй бөлу, құқықтық тәртіп мәселелері толғандыратынын көрсетті.

Кездесу кезінде қойылған сұрақтарды шешу бойынша нақтылы шаралар қабылдануда.

Мысалы, Достық пен Алтын бесік ықшамаудандарында инженерлік желілерді салу салдарынан бұзылған жолдарды мердігерлік ұйымдар кепілді міндеттемелер бойынша қалпына келтірді.

Тұрғындардың шағымы бойынша Ақсай-1 ықшамауданындағы 4, 4-а, 4-б үйлеріне жақын маңдағы Жұбанов көшесі бойына орналасқан № 11Б ғимараты алдына жүргізілген апатты жұмыстардан соң жолға асфальт төселді.

Алтын бесік ықшамауданынан Райымбек даңғылына дейін тротуар жасалып, сыртқы жарық желілері тартылды.

Жол бойындағы көліктердің жылдамдықтарын бәсеңдету үшін Ақсай-4 ықшамауданындағы 8-ші үйдің, Таугүл ықшамауданындағы № 72 мектептің, Өтеген батыр көшесі бойындағы 114-112 үйлердің жанына жасанды тегіс емес қондырғылар орнатылды.

Мына төмендегі мекенжайларға сыртқы жарықтың жаңа желілері тартылды, олар:

  • Алтынсарин даңғылы бойындағы сквер, Ұлықбек көшесінен Қабдолов көшесіне дейін;
  • Өтеген батыр көшесі бойымен 98-114 үйлерге кесіп өту;
  • Таугүл-3 ықшам ауданындағы Сауранбаев және Сейітжанов көшелері;
  • 6-шы ықшамаудандағы 3-ші және 4-ші үйдің арасы.

Науаи,114 көшесі бойына орналасқан «Тау Самал» тұрғын кешен аулаларындағы сыртқы жарық қалпына келтірілді.

Яссауи көшесі мен Серегин көшесінің бұрышы арасындағы қоғамдық көлік бекеттерінің алшақ орналасуына байланысты «Өтініш бойынша тоқтаудың» 5.12 белгісі қойылды. 10 қазанға дейін жолдың екі жағына да қосымша бекет конструкциялары қойылатын болады.

Кездесу кезінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша сұрақтар қойылған болатын.

Мысалы, Достық ықшамауданының тұрғынына есту аппаратын алу үшін көмек көрсетілді, № 54 коррекциялық яслиге орналасу үшін балдырғанға жолдама берілді, сал ауруына шалдыққан бала тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды, мүгедектік арба үшін 11-ші ықшамаудандағы 38 үйдің подъезіне пандус жасалды.

Жандосов көшесі бойындағы 184А үй тұрғындарының ұжымдық шағымдары негізінде пәтерін қоқысқа толтырған бір тұрғынның үйіне дезинфекция жүргізіліп, қоқыстар шығарылды. Бұл азамат Алматы қаласының психикалық денсаулық Орталығына орналастырылды.

Алматы қаласы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде берілген тапсырмалары бойынша шаралар Жоспары жасалды, барлық сұрақтар бақылауға алынды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.