• eng
  • қаз
  • рус

Өнеркәсіп, көлік қызметтері және жеткізу: аудиттен өту үшін кәсіпкерлер қайда хабарласуы керек

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласында азық-түлікке жатпайтын тауарларды Online-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, кеңсе техникасын жөндеу қызметіне рұқсат етілді.

Биылғы 28 сәуірден бастап, аталған компаниялардың қызметіне аудиттен өткен жағдайда және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «қызметке қойылған шектеулерді алып тастауға дайындық актісін» алған жағдайда рұқсат етілді.

Осыған байланысты, жұмыс тобының орынға баруы және көруі үшін 1-Қосымшаға сәйкес, келесі электрондық мекенжайына өтініш жолдауыңыз қажет.

1. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына (тамақ және фармацевтикадан басқа) - prom_dopusk@mail.kz ;

2. Азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізу (интернет-дүкендер, online-дүкендер) бойынша – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына хабарласу керек info_onlinetrade@mail.kz, анықтама үшін телефондар: 8 775 882 52 00, 8 775 882 53 92;

3. ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметі жөнінде – нысанның орналасқан жері бойынша аудан әкімдіктеріне хабарласу керек:

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.