• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Open Almaty-ға қалай өтініш беруге болады

Құрметті Алматы тұрғындары!

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының байланыс орталығы осы жылғы 16 наурыздан бастап сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін жеті күндік жұмыс кестесіне көшті.

«Open Almaty» байланыс орталығы операторларының штаты айтарлықтай көбейді, халыққа кеңес беруге СЭС, медицина қызметкерлері, психологтар жұмылдырылды. 16 наурыздан бастап тұрғындардан күніне орта есеппен 10 мыңнан астам қоңырау түсуде. Бұл карантин режимі енгізілгенге дейінгі көрсеткіштен 50 есе артық.

Байланыс орталығына көп қоңырау түскенде сервис желісінің жүктемесі артады, сондықтан сіз «Open Almaty»-ға өтініш берудің жоғарыдағы инфографикада көрсетілген басқа тәсілдерін пайдалана аласыз.

Беру тәсіліне қарамастан барлық өтініштерді «Open Almaty» операторлары қабылдап, құзіреті бойынша тиісті органдар мен ұйымдарға жібереді.

Құрметпен,

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ

 

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.