• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

ПИК-тен басқарудың жаңа формасына көшу туралы

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында көппәтерлі тұрғын үйлердің жаңа басқару формаларына ауысу процедурасын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заң күшін енді. Енді қала тұрғындары ПИК орнына кондоминиум объектісін басқарудың жаңа формасын — меншік иелерінің бірлестігін немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қарапайым серіктестігін таңдауға міндетті.

М. Отыншиев атап өткендей, көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиум объектісін басқару формасын таңдау туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары иелерінің жиналысын өткізуге міндетті.

Қазақстан Республикасының аумағында ТЖ енгізілуіне, сондай-ақ қала аумағында бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жиналыстарды өткізуге тыйым салатын кейінгі шектеу шараларын енгізуге байланысты түзетулердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сонымен қатар, Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 31 тамыздағы №59 қаулысымен жиналыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, күндізгі режимде өткізуге рұқсат етілді.

Сондай-ақ Алматы қаласының әкімі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Заңын іске асыру жөніндегі Жол картасын бекітті.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен және басқарма органдарының өкілдерімен «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулерді түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастыру және кесте құру қарастырылған. Осыған байланысты қалада Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының және Алматы қаласы аудандарының әкімдері аппараттарының қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.

«Қазіргі уақытта аудандар әкімдерінің аппараттары 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналыстарын өткізу кестесін жасап, бекітті, олар Алматы қаласының аудандары әкімдері аппараттарының ресми сайттарында орналастырылды», — деп түсіндірді спикер.

Өз кезегінде, Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің жобасын әзірледі, ол келісу сатысында тұр.

«Жобаға сәйкес, коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен және сервистік қызмет субъектілерімен басқару бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу кезінде МИБ төрағасы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынады, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы басқару нысанын таңдау мәселесі бойынша пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының хаттамасын ұсынады. Осылайша, қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдың қажеті жоқ», — деді М. Отыншиев.

Бұл түзетулер оларды Алматы қаласының мәслихаты қабылдаған жағдайда, кейіннен әділет органдарында тіркеле отырып, қолданысқа енгізілетін болады.

Қазіргі уақытта 56 МИБ тіркелген.  Оның ішінде Алатау ауданында — 7, Алмалы ауданында — 8, Әуезов — 12, Бостандық ауданында — 16, Медеу ауданында — 12, Наурызбай ауданында — 1 және 2 жай серіктестік (Тұрғын үй саясаты басқармасының жай серіктестік тізілімінде 2 жай серіктестік тіркелген: Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ш/ауд., Таутаған к-сі, №64 үй; Тастыбұлақ ш/ауд., Қарлығаш көшесі, №13 үй.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының және Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының қызметкерлері 566 КПТҮ-ні қамтитын 184 жиналысқа қатысты.

Басқарудың жаңа формасына көшу үшін меншік иелерінің жиналыстарына қатысу және кеңес алу бойынша Алматы қаласы тұрғын үй инспекциясы мен аудандық әкімдіктердің жауапты қызметкерлерінің тізімі мен байланыс мәліметтері:

Алатау ауданы

  • аудандық әкімдіктің қызметкері Г. Әлі, +7 777 823 30 71
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері Д. Маусымбаев, +7 776 211 11 03

Алмалы ауданы

  • аудан әкімдігінің қызметкері Р. Айтанов, +7 771 400 66 66
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері Ж.Қайырханов, +77776474848

Әуезов ауданы

  • аудан әкімдігінің қызметкері Е. Нүкебаев, +7 705 555 90 92
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері А. Нүсіпбек, +7 747 050 45 18

Бостандық ауданы

  • аудан әкімдігінің қызметкері Е. Сейдалиев, +7 700 228 77 88
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері Б. Алмырза, +7 708 581 09 79

Жетісу ауданы

  • аудан әкімдігінің қызметкері Н. Калдаров, +7 700 707 0078
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері Е. Мамыров, +7 747 188 5189

Медеу ауданы

  • аудан әкімдігінің қызметкері Б. Мұратбекұлы, +7 701 465 5514
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері З. Баева, +7 778 778 04 56

Наурызбай ауданы

  • аудан әкімдігінің қызметкері О. Қодаров, +7 702 414 44 55
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері Д. Маусымбаев, +7 776 211 11 03

Түрксіб ауданы

  • аудан әкімдігінің қызметкері Б. Қабдиев, +7 778 458 29 49
  • тұрғын үй инспекциясының қызметкері Е. Мамыров, +7 747 188 5189

 

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.