• eng
  • қаз
  • рус

Салқын су құбырының жарылуы

Сіздің пәтеріңізде салқын суды ажыратып тастады ма? Сіз қайда жүгіну керектігін білмейсіз бе? Салқын су құбыры жарылып апатты жағдай орын алғанда қандай шаралар жасау қажет? Апатты жою үшін қандай мерзім белгіленген? Біз жауап бере алатын заңды сұрақтар орын алады.

1

Суық су құбырларының жарылу жағдайында кімге жүгінеміз?

Егер сіз авариялық жағдайдың–суық су немесе қоғамдық аумақтарда кәріз құбырлары жарылуына (көп пәтерлі үйлердің аула аумағы, жолдар және т.б.) куә болып жатсаныз, сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 109 қызметіне қоңырау шала аласыз. Суық сунемесе кәріз жүйелері құбырлары пәтер немесе үй-жайішінде, сондай-ақ, кіре берісте жарылған жағдайда, сіз сіздің ПИК немесе басқарушы компанияның апаттық қызметіне жүгіне аласыз.

2

Авариялық жағдайды жою

109 жедел қызметіне түскен өтінім қызмет көрсететін кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне жедел бағытталады. Диспетчерлік қызмет өтінімді қабылдағаннан кейін 15 минут ішінде авариялық жағдайды күндізгі уақытта жою үшін ақпаратты РЭУ (Аудандық пайдалану учаскелеріне) жолдайды. Түнгі уақытта кезекші бригада ҚҚТ (Орталық диспетчерлік қызметі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су желісі»), авариялық жағдайды жою бойынша шараларды кезекші бригадаға жөнелтеді. Ағып жатқан су жол жабынын бұзып, көлік қозғалысын тоқтатып, көшені, коллектор, ғимараттардың жертөлелері және т.б. субасу секілді шұғыл жағдайлардан бөлек, абоненттер құбырлардын ажыратылғаны туралы алдын ала ескертілуі тиіс, Жөндеу бригадасы қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында зақымданған жерді түгендемелік қалқандармен уақытша қоршайды. Апаттын алдын алғаннан кейін 10 минут ішінде кәсіпорынның жедел қызметкерлері аварияны оқшаулау/жою туралы қажетті қосымша ақпаратты барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, қала ұйымдары мен қызметтеріне одан әрі тарату үшін 109 қізметіне жібереді.

3

Авариялық жағдайды жою мерзімдері

Авариялық жағдайларды жою мерзіміне тиіс құбырлардың диаметріне және жұмыс жасау жағдайына байланысты 8-ден 24 сағатқа дейін асырылуы керек. Аталған уақыт бұзылудың күрделігіне және ажырату учаскесі нүктесінен істен қашық болғанына байланысты ұзара береді. Сондай-ақ, зақымды жойғаннан кейін құбырды дезинфекциялауға 4-тен 54 сағатқа дейін кетеді. Су 24 сағат болмаған жағдайда уақытша сумен жабдықтау ұйымдастырылады – суды су тасығыш мәшинелерімен тасиды. Көрсетілген мерзімдер өрескел бұзғылған жағдайда, сіз жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдауына Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына (жетекшілік ететін орган «Су желісі» МКК) жүгіне аласыз.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.