• eng
  • қаз
  • рус

Некеге қалай тұруға болады?

1

Бұл сіз және болашақ жұбайыңыз үшін алғашқы некелесу болса

Неке қиюды тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

Неке қиюды тіркеу жайында өтінішті беруге болады:

1. Еgov.kz порталында

Бұл үшін:

  1. жұбайлардың екеуі де ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алады, өйткені некені тіркеу кезінде сіздің жұбайыңыз некенің тіркелуіне келісімін ЭЦҚ арқылы порталда растауы қажет;
  2. авторлану және өтініш беру;
  3. Банк картасының көмегімен 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баж төлеу қажет. Алдымен сізге қызмет көрсететін банкке хабарласып, картаңыз интернет төлемдер жасауға жарай ма, жоқ па біліп алуға, қажет болған жағдайда бұл қызметті қосуға кеңес береміз.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: АХАТ органдарында некені тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама алу

Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: АХАТ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

2. Болашақ ерлі-зайыптылардың бірінің тіркелу орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөлімінде.

Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. некеге тұру туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);
  3. 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны жайында қолхат беріледі.

Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

2

Егер сіз бұрын некелескен болсаңыз

Егер сіз немесе сіздің жарыңыз бұрын некеде тұрған болса, ерлі-зайыптылардың біреуінің тіркелген орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөлімшесіне некені тіркеу туралы өтініш бере аласыз.

Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар;
  2. 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
  3. алдыңғы некелер болған жағдайда деректерді тексеру үшін дәлелдейтін құжаттар (некені бұзу туралы куәлік) ұсынылады.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны жайында қолхат беріледі.

Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

3

Егер болашақ ерлі-зайыптылардың бірінің жасы 18-ге толмаса

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, егер некеге тұруға ниеттенген тұлға 18-ге толмаса, онда неке тіркелмейді. Кәмелетке толмаған тұлғаның жүктілігі немесе бала туу сияқты ерекше жағдайларда неке жасы 16-ға дейін төмендетілуі мүмкін.

Тіркелу орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөліміне некені тіркеу жөнінде жүгінуге болады. Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. некені тіркеу туралы өтініш;
  2. неке жасын төмендету туралы өтініш (белгіленген нысанда);
  3. өтініш берушілердің екеуінің де жеке басын растайтын куәліктері;
  4. 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
  5. некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама;
  6. неке жасын төмендету қажеттілігін растайтын құжаттар: дәрігерлік- біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы немесе ортақ баланың туу туралы және әке болуын анықтау туралы куәліктердің көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа);
  7. некеге тұрмақшы кәмелетке толмаған тұлғаның (-лардың) заңды өкілдерінің (ата-ана, қамқоршы, қорғаншы) келісімі;
  8. заңды өкілдердің, яғни ата-ана немесе қамқоршылардың өкілеттігін растайтын құжаттар (ата-ана немесе қамқоршылардың тұлғасын куәландыратын құжаттар);
  9. алдыңғы некелері болған жағдайда деректерді тексеру үшін дәлелдейтін құжаттар (некені бұзу туралы куәлік немесе некені бұзу туралы анықтама) ұсынылады.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны жайында қолхат беріледі.

Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

4

Неке тіркелмейтін жағдайлар

  1. Некені тіркеу туралы өтініш берген тұлғалардың біреуін немесе екеуін мәжбүрлеу арқылы неке қиылмақ болса;
  2. Екі тұлға бір жынысты болса.
  3. Некеге отырмақшы тұлғалар жақын туыс болса (ата-ана, балалар, толықтай немесе жартылай ағайынды апалы-сіңлілер, аға-інілер, ата, әже, немерелер, қамқоршылар, асырап алынған балалар).
  4. Өтініш берушілердің біреуі некеде тұрса.
  5. Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған болса (Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 11 бабына сәйкес)
5

Неке шартын тіркеу

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болашақ ерлі-зайыптылар отбасылық қатынастарды ғана емес, мүліктік қатынастарды да ресми тіркеуге құқылы, олардың шарттары жазбаша неке шартында (келісімшартында) айқындалуы тиіс. Неке шартын (келісімшартын) нотариус тіркейді.

Неке шартын (келісімшартын) тіркеу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. ерлі-зайыптылардың екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттары;
  2. неке қию туралы куәлік (неке тіркелген болса);
  3. қолда бар жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар.

Ескерту! Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 40 бабына сәйкес неке шартын неке қию мемлекеттік тіркелгенге дейін де, некеде тұрған кезеңдегі кез келген уақытта да жасауға болады.

6

Егер сіздің жарыңыз Қазақстан Республикасының азаматы (-шасы) болмаса

Қазақстан Республикасы аумағында неке қию

Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады. Қазақстандық азамат және шетелдік арасында некені тіркеу, кейбір ерекшеліктерді ескере отырып, әділет органында жалпы ережелерге сай жасалады.

Тіркеу органына өтініш берген кезде жеке тұлғаларын куәландыратын келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
  2. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдік – Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беретін, Қазақстан Республикасының ішкі істер органы берген құжат;
  3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлға – тұратын орны бойынша тіркеу жайында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  4. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын, азаматтығы жоқ тұлға - оның тұратын еліндегі құзыретті органы берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органында белгіленген тәртіп бойынша тіркелген жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  5. басқа ел аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ тұлға жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар олардың мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады. Мұндай құжаттар мәтіні аудармасының дұрыстығын шетелдік азаматы болып табылатын елдің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемеде куәландыруға болады;
  6. шетел азаматының некеге отыруға рұқсаты.

Кейбір мемлекеттердің заңнамасы өз елінің азаматы мен шетелдік азаматтар арасындағы некені тек қана некеге тұрған мемлекеттің құзыретті органының рұқсаты болған кезде ғана заңды деп таниды. Осыған байланысты, өтінішті қабылдаған кезде, тіркейтін орган болашақ ерлі-зайыптылардан осындай рұқсаттың қажеттігін анықтайды.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Кодексінің 228 б. 2т. бойынша, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құзыретті органнан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат алу талап етілсе, шетелдік мұндай рұқсатты некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берумен бір мезгілде ұсынуы тиіс. Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган өтінішті қабылдау кезiнде некеге отырушыларға (ерлі-зайыпты болушыларға) және бірінші кезекте Қазақстан Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруі тиіс. Егер мұндай түсiндiрулерге қарамастан, өтініш берушiлер неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді талап етіп сұраса, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тiркеледi.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) тану

Қазақстан Республикасының азаматы (-шасы) шетел азаматымен Қазақстан Республикасы аумағынан тыс, шетел құзыретті органдарында сол мемлекет заңнамасы бойынша некелесе алады. Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған неке (ерлі-зайыптылық), ол аумағында неке қиылған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. Некені қайта тіркеу немесе қалайда болса некенің заңдылығын дәлелдеу қажеттігі жоқ. Апостилденген және тиісті тілге аударылған неке куәлігі жеткілікті дәлел болып табылады.

7

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе бұрын тұрған азаматтарға беріледі.

Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткенге дейін бір әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұрған болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар екендігін тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті немесе егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), жұбайының қайтыс болуы туралы куәлiкті қоса ұсынады.

Ескерту!

Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген акт жазбалары негізінде берілген куәліктер ұсынылмайды.

Құжаттарды қабылдаған сәтте «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметкері көшірмелерді түпнұсқамен салыстырып, соңғысын қызмет алушыға қайтарады.

Қайталама куәлік тиісті акт жазбасы жасалған тұлғаның өзіне, сонымен қатар, осы тұлғаның (сенім білдіруші) атынан өкілдік ету үшін жазбаша уәкілеттік берілген (нотариат куәландырған сенімхат) тұлғаға беріледі.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі немесе арнайы соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

8

Неке қию туралы куәлік жоғалған жағдайда

Сіз қайтадан шығарылған куәлікті немесе неке қиюды тіркеу туралы анықтаманы ала аласыз:

1. Еgov.kz порталы арқылы.

Бұл үшін:

  1. ерлі-зайыптылардың екеуіне де электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу;
  2. авторлану және өтініш беру;
  3. банк картасы арқылы мемлекеттік баж төлеу. Алдымен сізге қызмет көрсететін банкке хабарласып, картаңыз интернет төлемдер жасауға жарай ма, жоқ па біліп алуға, қажет болған жағдайда бұл қызметті қосуға кеңес береміз.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: өтінімнің қабылдануы және мемлекеттік қызмет нәтижесін алу тәртібі туралы ақпарат ұсынылады.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қызмет көрсететін өкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Электронды түрде өтінім беру үшін egov.kz сайтына кіріңіз.

Білу маңызды!

Қайталама куәлікті немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы шетелден сұратып алу жағдайында қызмет көрсетушіге жүгіну қажет.

Мемлекеттік баж сомасының мөлшері:

  1. азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайта беру үшін - 1 АЕК;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы беру үшін - 0,3 АЕК;
  3. ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді сұратып алу үшін - 0,5 АЕК;
  4. ТМД елдерінен басқа шетел мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерін сұратып алу үшін - 1 АЕК.

2. Болашақ ерлі-зайыптылардың бірінің тіркелу орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөлімінде

Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. мемлекеттік қызметті алушыға қажетті құжат түріне байланысты нысан бойынша туу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтама) және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі
  4. қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.