• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Шипажайлық-курорттық ем алу

1

Көмек туралы

Шипажайлық-курорттық емге әлеуметтік көмек Алматы қаласында тұрақты тұратын және белгіленген тәртіпте тіркелген азаматтар санатына жолдама беру арқылы тағайындалады:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - тегін;
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылық әскери қызметте жанкештілікпен және мінсіздікпен еңбек еткені үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, мемлекеттік базалық зейнеткерлік төлемді есепке алмағанда алынатын зейнетақы көлемінен 25 % төлеумен;
  3. жас бойынша зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнеткерлік төлемді есепке алмағанда алынатын зейнетақы көлемінен 25% төлеумен.
2

Құжаттар тізімі

Шипажайлық-курорттық емге жеңілдікті жолдама алу үшін аудандық ардаргерлер кеңесіне жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. зейнеткердің жеке басын куәландыратын құжаттың 2 көшірмесі;
  2. зейнеткердің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. ҰОС қатысушысының куәлігі (болған жағдайда);
  4. жолдама алу үшін емханадан анықтама (№2 нысан);
  5. емханадан шипажайлық-курорттық карта;
  6. мекенжай анықтамасы;
  7. зейнетақы төлемінің көлемі туралы анықтаса (Алматы қаласының аудандық МЗТО-нан берілген).

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: шипажайлық-курорттық емге жеңілдік алу.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.