• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әскери билет алу

Әскери билеттің маңызы күнделікті өмірде төлқұжат пен жеке куәліктен кем емес, ол – жұмысқа орналасқан кезде немесе тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде міндетті болып табылады. Әскери билет дегеніміз – азаматтың әскери қызметке тиесілілігін және әскери міндетке қатысын анықтайтын мерзімсіз жеке оқу-әскери құжаты болып табылады.

Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке шақыру 17 жастан 27 жасқа дейін жүзеге асырылатындықтан, дәл осындай жаста сіз әскери билет алуыңыз керек.

1

Әскери билет қай кезде жазылып беріледі?

  1. Әскери қызметтен өткеннен кейін.
  2. Сізді әскерге шақыру учаскесіне тіркеу барысында «әскери есептен шығарылуымен әскери қызметке жарамсыз» және «бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды» деп танығаннан кейін.
  3. Жоғары оқу орнындағы әскери кафедрада оқуды тәмамдағаннан кейін.
2

Әскери билет деген не?

Әскери билет дегеніміз – қағаз құжат, онда келесілер көрсетіледі:

  1. әскери қызметкердің жеке деректері (тегі, есімі, әкесінің аты, тұрғылықты жері, ұлты);
  2. әскери бөлімнің, лауазымының және штат бойынша техниканың атауы;
  3. әскери бөлім тізімдеріне енгізілген және әскери бөлім тізімдерінен шығарылған күні;
  4. әскери атағы және әскери шенінің сыныптылығы.
3

Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру

Әскери билетті алу үшін келесілерге жүгіну қажет:

  1. Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесіне (ХҚКО);
  2. жергілікті әскери басқару органдарына.

Талап етілетін құжаттар:

1. Егер сіз жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша дярлықтан өткен болсаңыз:

  • запастағы офицерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
  • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • білім туралы құжаттың көшірмесі (білім туралы құжаттың түпнұсқасы (салыстырып тексеру үшін);
  • 3х4 өлшемді екі фотосурет.

2. Егер сіз әскери қызметтен запасқа шығарылған болсаңыз:

  • запастағы офицерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
  • әскери есепке қоюға арналған ұйғарым;
  • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • 3х4 өлшемді екі фотосурет.

3. Егер сіз басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұратын орынға келген болсаңыз:

  • запастағы офицерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
  • әскери міндетіне қатысын растайтын құжат;
  • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • білім туралы құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру үшін);
  • 3х4 өлшемді екі фотосурет.

4. Егер ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына алмастыру қажет болса:

  • запастағы офицерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
  • запастағы офицердің әскери билетінің түпнұсқасы (ескі үлгідегі);
  • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • ескі үлгідегі әскери билеттің түпнұсқасының көшірмесі (ҚІБ(Б) бастығымен куәландырылған);
  • 3х4 өлшемді екі фотосурет.

Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру.

4

Запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру

Әскери билет алу үшін сіз келесілерге жүгіне аласыз:

  1. Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесіне (ХҚКО);     
  2. жергілікті әскери басқару органдарына (ЖӘБО).

Сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    1. Егер сіз 27 жасқа толған болсаңыз, әскерге шақырудан кейінге қалдыру ұсынылуына байланысты әскери қызметтен өтпеген болсаңыз:

    • запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
    • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    • білім туралы құжаттың көшірмесі (білім туралы құжаттың түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
    • аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін Қорғаныс істері жөніндегі басқармамен беріледі);
    • әскери есепке тұру жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдың төленуі туралы түбіртек (Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы азаматтың әскери есепке тұру жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 647 бабы бойынша азаматқа айыппұл салу туралы шешім қабылдаған жағдайда);
    • 3х4 өлшемді фотосурет – 2 дана.

    2. Егер сіз бас бостандығынан айру орындарынан босап шыққан болсаңыз:

    • запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
    • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    • аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін Қорғаныс істері жөніндегі басқармамен беріледі);
    • есептік-алфавиттік кітаптан үзінді көшірме (егер сотталғанға дейін әскерге шақырылушылар есебінде тұрған болса);
    • қылмыстық атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінен босап шығу туралы анықтама (жоғалған жағдайда – сотталуының болуы туралы анықтама);
    • білім туралы құжаттың көшірмесі (білім туралы құжаттың тұпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
    • 3х4 өлшемді екі фотосурет.

    3. Егер сіз құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдардың арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімшелерін тәмамдаған болсаңыз:

    • запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
    • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    • аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін Қорғаныс істері жөніндегі басқармамен беріледі);
    • білім туралы құжаттың көшірмесі (білім туралы құжаттың түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
    • 3х4 өлшемді фотосурет – 2 дана.

    4. Егер сіз басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұратын орынға келген болсаңыз:

    • запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
    • әскери қызметке қатысын растайтын құжат;
    • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    • аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін Қорғаныс істері жөніндегі басқармамен беріледі);
    • білім туралы құжаттың көшірмесі (білім туралы құжаттың түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
    • 3х4 өлшемді фотосурет – 2 дана.

    5. Егер ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстыру қажет болса:

    • запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
    • ескі үлгідегі әскери билеттің түпнұсқасы;
    • ескі үлгідегі әскери билеттің түпнұсқасының көшірмесі (қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бастығымен куәландырылған);
    • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    • 3х4 өлшемді екі фотосурет.

    6. Егер сіз әскери-техникалық және басқа мамандықтар бойынша даярлықтан өткен азамат болсаңыз:

    • запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
    • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    • білім туралы құжаттың көшірмесі (білім туралы құжаттың түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
    • әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаны туралы сертификаттың көшірмесі (нотариалдық жолмен куәландырылған);
    • 3х4 өлшемді фотосурет – 2 дана.       

    Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

    Қызмет көрсету мерзімі: 30 жұмыс күні.

    Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

    Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру.

    5

    Әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға әскери билетті алу

    Егер сіз 27 жасқа толмаған болсаңыз және шақыру комиссиясымен әскери қызметке жарамсыз деп танылсаңыз, әскери билет алу үшін сіз келесілерге жүгіне аласыз:

    1. Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесіне (ХҚКО);     
    2. жергілікті әскери басқару органдарына (ЖӘБО).

    Келесідей құжаттар тізімін тапсыруыңыз тиіс:

    1. запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге арналған өтініш;
    2. жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3. бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта  әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан босатылған деп тану туралы аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі);
    4. бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта  әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан босатылған деп тану туралы облыстық шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі) (облыстық медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі);
    5. 3х4 өлшемді екі фотосурет.

    Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

    Қызмет көрсету мерзімі: 30 жұмыс күні.

    Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

    Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру.

    0
    Голосов пока нет
    Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
    Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
    қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.