• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әскери қызметті өткергені туралы анықтама алу

Егер сіз әскери қызметті өткерген болсаңыз, онда сіз жұмысқа орналасқанда, оқу орнына түскен кезде және басқа да жағдайларда бұл мәртебені растауыңыз қажет болуы мүмкін.

1

Әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Өтінішті қабылдау және куәлікті беру «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) және жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асады.

Қажетті құжаттардың тізімі:

  1. әскери қызметті өткергенін растайтын анықтама беру туралы өтініш;
  2. жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Құжаттарды қабылдаған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Мұрағаттардан қосымша ақпарат сұрату қажет болған жағдайда мерзімі 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.