• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сұрақ-жауап: Коронавирусқа қарсы вакциналау туралы

Вакцина салдырғандар қандай шараларды сақтау керек, вакцина алу кезінде нені ескеру керек, иммунитет қалай қалыптасады — COVID-19-ға қарсы вакциналауға қатысты осы және басқа да сұрақтарға Алматы қаласы №20 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айынан бастап Алматыда COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды. Бірінші компонентті вакциналаумен медицина қызметкерлері қамтылды.

Вакциналау тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр. АҚШ-та вакциналау қарқынын ұлғайтып, халықтың көп бөлігін қамтымақшы. Израильде қала билігі мұғалімдерге міндетті вакциналау және мектеп сыныптарына тек COVID-19 екпесін алғаннан кейін ғана келу шартын қойды.

Дәрігердің айтуынша, әлемдік тәжірибе эпидемияға қарсы вакцина пандемиядан арылудың жалғыз сенімді құралы екенін дәлелдейді. Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау кезең-кезеңімен жүргізіледі.

  • I кезеңде инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, РҚТБ, АМСК медицина қызметкерлерін, ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің, санэпидқызмет қызметкерлері – 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап.
  • II кезеңде — жалпы білім беретін мектептердің, АОББҰ– ның, ЖОО педагогтары, ведомстволық медициналық қызметтердің медицина қызметкерлері – 2021 жылғы наурыздан бастап.
  • III кезеңде — мектеп-интернат педагогтары, МДББМ, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – 2021 жылғы сәуірден бастап.
  • IV кезеңде — ІІМ, ТЖМ, ҚМ, ҰҚК қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, МДББМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар – 2021 жылғы мамырдан бастап.
  • V кезеңде—медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балаларға арналған жабық мекемелердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар – 2021 жылғы маусымнан бастап.
  • VI кезеңде — тәуекел тобындағы қалған контингент – 2021 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін.

— Вакцинаның тиімділігі қандай? Вакциналанғаннан кейін коронавирус ауруының қаупі бар ма?

— Зерттеулерге сәйкес, «Спутник V» вакцинасының COVID-19-ға қарсы тиімділігі 91,6% құрайды. Бұл көрсеткішті есептеу «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші инъекциясын немесе плацебо алған 19 866 ерікті бойынша деректер негізінде жүргізілді – қорытынды бақылау кезеңінде COVID-19 расталған 78 жағдай тіркелді. «Спутник V» вакцинасының тиімділігін зерттеу нәтижелері салыстырмалы халықаралық бағалаудан өтті, алынған мәліметтер The Lancet журналында жарияланды. Сондай-ақ вакцинация бізді короновирустық инфекцияның ауыр түрін жұқтырудан қорғайды. Қазір коронавирустан вакцина қауіпті болуы мүмкін деп санайтындай ешқандай негіз жоқ.

— Ресей ғалымдары «Спутник V» 1 және 2 типті қант диабеті бар адамдар үшін қауіпсіз деп хабарлады. Алматыда диабетпен ауыратын адамдарға вакцина салына ма, әлде ауру әлі де вакциналауға қарсы көрсетілімдер тізімінде ме?

— ҚР ДСМ 21.10.2020 «Профилактикалық егулер жүргізуге медициналық қарсы көрсетімдер тізбесін бекіту туралы» бұйрығында қант диабеті вакцинациялау үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.

— Бұған дейін гормондарды қолдану қарсы көрсетілімдердің бірі деп айтылған. Гормоналды контрацептивтерді ішетін әйелдер қалай вакциналанады?

— Әртүрлі патологияларда стероидтарды, сондай-ақ иммуносупрессивті қасиеттері бар басқа препараттарды қолдану, сала мамандарының қорытындысынан кейін көрсетілген.

— Вакциналаудан кейін адамдарға қандай ұсыныс берер едіңіз?

— Бұл жағдайда кейбір процедуралар мен дәрі-дәрмектерге рұқсат етілмейді. Вакциналаудан кейін дәрігермен байланыста болу ұсынылады. Вакцинация орнының қызаруы, ісінуі, ауыруы кезінде антигистаминді препараттарды қабылдаңыз. Вакциналаудан кейін дене қызуы көтерілгенде – дәрігердің тағайындауы бойынша стероидсыз қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау қажет. Вакциналаудан кейін үш күн ішінде инъекция орнын суламау, саунаға, моншаға бармау, алкогольді ішпеу, шамадан тыс дене жүктемелерінен аулақ болу ұсынылады.

— Біз бәріміз вакциналаудың маңызды екенін білеміз әрі түсінеміз. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік желілерде кейбір аңыздар таралып кеткен. Солар туралы түсіндіріп өтесіз бе: қайсысы шындыққа жанаспайды (мысалы, чиптеу, вакцина арқылы жұқтыру, кері әсерінің күштілігі және т.б.).

— Өмір мен денсаулық жайлы сөз қозғағанда барлық жаңа нәрсеге күдікпен қарайды, адам тексерілмеген заттан қорқады және өзі арқылы препаратты бірінші болып сынаушылардың қатарынан болғысы келмейді. Бұл топ вирустың қауіпті екеніне сенбейтін коронаскептиктер категориясымен тіркеседі. Тағы бір мотив белгілі бір вакциналаудың белгілі бір қауіптілігі бар деген кейбір адамдардың сенімділігімен, вакциналаудың зиян келтіру үшін тікелей алдау болуы мүмкін деген күдікпен байланысты, вакциналаудан бас тартудың себептері туралы ашық сұраған кезде олар: «бұл чиптеу», «мен вакциналау түрінде не жасалатынын білмеймін» және т.б. жауап береді.

Барлық ықтимал жанама әсерлерді болжау үшін ғалымдар кішігірім сынақтардан бастайды: алдымен үлгілерді зертханаларда сынайды, жануарларға, содан кейін барып адамдарға сынайды. Мысалы, Pfizer және BioNTech вакцинасы бойынша сынақтарға 40 мың адам қатысты. Бұдан басқа алынған нәтижелерді қосымша тексеруді реттеушілер жүзеге асырады — мысалы, Дәрілік заттар мен медициналық тауарларды реттеу жөніндегі британдық агенттік (MHRA), Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау жөніндегі америкалық басқарма (FDA) немесе Ресейде Денсаулық сақтау министрлігі.

— Екпе қабылдаған адам басқа адамнан ауру жұқтыруы мүмкін бе? Егер вакцина салдырған адам сақтану шараларын дұрыс ұстанбаса не болады?

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бірінші екпе жасалғаннан вакциналаудың екінші кезеңіне дейін басқа адамдармен байланысты мейлінше азайтып, барлық санитарлық ережелерді сақтауы қажет екендігін атап өтуде. Иммунитет біртіндеп қалыптасады, сондықтан осы екі кезең аралығында адам әлсіз, қорғалмаған болып табылады. Ол коронавируспен ауыруы әбден мүмкін.

— Вакцина салынғаннан кейін адам профилактикалық шараларды ұстанбаса да болады деген ой айтылып жүр. Осы көзқарас қаншалықты дұрыс? Вакцина алған адамдардың нені істемегені дұрыс?

— COVID-19-ға қарсы вакцина, екпе қабылдаған адамның маска тағу, қолғап кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажеттігін жоймайды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.