• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сынапты термометр сынған жағдайда не істеу керек?

Сынапты қалай дұрыс жинау керек?

  1. Алдымен, үй-жайды желдетініз, бірақ өтпе жел пайда болмауы керек.
  2. Сынапты жинау алдында резеңке қолғап киіңіз, ал аяққа – бахилалар немесе жай пакеттер жарай береді.
  3. Кездейсоқ қауіпті буларды дем татудан қорықсаныз, алдын ала ерітіндіге салынған – 1 ас қасық ас содасы 1 стақан сумен араластырылған дәке байлауышты тағып алыңыз.
  4. Сынап түйіршіктерін резеңке алмұрт, шприц, скотчты, лейкопластырь көмегімен жинауға болады немесе жай ғана суға батырылған қағазбен. 
  5. Жиналған түйіршіктерді банкіге жинап, оның қақпағын жабу керек.

Құрамында сынап бар құрылғылардың қабылдау нүктелерін мына сілтемеден көруге болады.

Не істеуге болмайды?

  1. Сынапты қолдарыңызбен ұстамаңыз.
  2. Шарларды щөткемен жинамаңыз. Қылшықтар оларды бұзады, ал сынап тезірек жоқ болып кетеді.
  3. Сынапты қоқысқа тастамаңыз. Бұл жағдайда ол сөзсіз топыраққа түседі. 
  4. Сынапты пешке шығармаңыз. 
  5. Сынапты ағынды суларға тастамаңыз. 
  6. Кір жуғыш машинада сынаппен байланыста болатын заттарды жууға болмайды. Сынап техниканы ластауы мүмкін, содан кейін ағынды суларға түседі.
1

Сынап буымен улану

Сынап буымен өткір уланудың алғашқы белгілері 8-24 сағаттан кейін білінеды. Олардың арасында:

  1. әлсіздік;
  2. тәбеттің болмауы;
  3. бастың ауруы;
  4. жұтынған кезде ауырсыну;
  5. ауызда металл дәмінің шығуы;
  6. сілекей ағу;
  7. қызыл иектің ісінуі және қанағыштығы;
  8. жүректің айнуы және құсу;
  9. іштің ауыруы;
  10. диарея.

Маңызды! Сынап буымен улану жағдайында 103 телефонына қоңырау шалып жедел медициналық көмекшақыру керек, не медициналық мекемеге бару керек.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.