• eng
  • қаз
  • рус

Тауар сатып алу кезінде алдау жағдайында не жасау керек?

Күн сайын, сатып алуларды жасай отырып әрбіріміз алдаумен кездесіуіміз мүмкін. Осындай құбылыс таңдардырмайды және көптеген сауда мекендерінде орын алады. Тұтынушы есеппен немесе таразымен алдауға базарда ғана емес, сатып алушы есептері компьютер арқылы өтетін, нақты электронды таразылар мен бейнебақылау камералары орнатылған заманауи супермаркетте де тап болуы мүмкін.

1

Сізді дүкенде/базарда тауарды сатып алу кезінде алдаған жағдайда не жасау қажет?

Есеппен алдаудың бірнеше тәсілі бар: тауарлар жиын құнын қате есептеу, қайтарымды қате беру, тауардың бағалық белгісінде және касса чегінде әртүрлі бағаларды белгілеу, біле тұра теріс бағаларды белгілеу және тағы басқа. Ал тұтынушы не жасай алады? Өз құқықтарын қалай қорғай алады? Жосықсыз сатушыны жауапкершілікке қалай тартуға болады?

Осындай жағдайларда тұтынушы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырындағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, тұтынушының тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (өндіруші, жасаушы) туралы толық, расталған және мерзімді ақпарат алуға құқығы бар.

Кассада жанжал болдырмау үшін тұтынушы тек алатын тауар атын және оның бағалығындағы құнын назар аударып оқуы ғана емес, сондай-ақ әр тауар мен бағалық штрих-кодының сәйкестігін тексеруі жөн. Оны дербес жасауға болады, бұл үшін өзіне-өзі қызмет ету дүкендерінің және супермаркеттерінің көбінде сауда құжыраларында орнатылған штрих-код сканерлерін пайдалануға болады. Тауардың баға көрсеткіші мен оның кассадағы түпкі құны әртүрлі болған кезде туатын кикілжің жағдайларда Заң толығымен тұтынушыны жақтайтынын білу қажет. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24 бабына сәйкес, сатушы(өндіруші) сауда объектінің ішкі және(немесе) сыртқы витриналарында орнатылған баға құлақшасында көрсетілген баға бойынша тауарды сатуға міндетті. Тұтынушының осы баға бойынша тауарды сатып алуға құқығы бар. Осы жағдайда витринадағы мен кассадағы бағалар айырмашылығы сатушының өз міндеттерін орындамау және тұтынушы құқықтарын бұзу фактісі болып табылады. Сондықтан тұтынушы дәл тауар бағалығында көрсетілген баға бойынша есеп жасауды талап ете алады.

Қайда жүгінуге болады?

Егер сауда объектінің қызметкерлері сіздің заңды талаптарыңызды өз еркімен орындауды қаламай, осымен сіздің құқықтарыңызды бұзса, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін, келтірілген залалға байланысты, ішкі істер органдарына немесе мемлекеттік кірістер органдарына арызбен жүгінуге болады.

2

Сізді интернет-дүкенде тауарды сатып алу кезінде алдаған жағдайда не жасау қажет?

Егер сіз ғаламтордағы алаяқтыққа тап болсаңыз, бірінші кезекте сатушы атына наразылық хатын жазу қажет. Дүкеннің заңды мекенжайы белгілі болмаса да, сайтта қандай болса да байланыс ақпарат жазылуы тіис (мысалы, электрондық пошта адресі). Ал сайтта заңды мекенжай бар болса, электрондық наразылық хатын жай поштамен қайта жөндеу артық болмас еді.

Наразылық хатында дүкеннің жасаған бұзушылығының мәнін толық сипаттап, өз талаптарыңызды (тауарды ауыстыру, ақша қайтару) белгілеу қажет. Наразылықты елемеу жағдайында әрі қарай әрекет жасау қажет. Егер дүкен әрекеттері ашық алаяқтықты білдірсе (мысалы, алдын-ала төленген тауар жеткізілмезсе), уақыт жоғалтпай полицияға арыз беру қажет. Ғаламтордағы алаяқтықтың пайда болу заманынан құқық қорғау органдары жеткілікті тергеу дағдысына ие болды. Ұрланған соманың ұсақ болу себебінен арыз беруден бас тартпауыңыз жөн. Сіздің арызыңыз бірінші болмай, дәл сіз берген мәліметтердің қаскүнемдердің бет пердесін ашуға көмектесуі әбден мүмкін. Есіңізде сақтау маңызды: интернет-дүкен иелері қол жетімсіз болып табылмайды, олардың сайт домені хостингте орналасқан - бұл сол жерде сайт иесінің нақты төлқұжат мәліметтерінің бар болуын білдіреді. Одан басқа, алынатын тауарға қосылатын құжаттардың ішінде де сатушының байланыс ақпараты бар болуы мүмкін. Осындай жағымсыз жағдайлардан аулақ болу үшін ғаламтордағы тауарларды үлкен абайлықпен (және сенілген сайттарда) алу керек.

3

Тауар сапасыз болып қалса?

«Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының 22 бабымен сәйкес, тұтынушының тауардың (жұмыстың, қызметтің) сатушысына (өндурушісіне, орындаушысына) еркін тәртіпте құқық пен заңды мүдде бұзышылықтарын жою және осы бұзышылықтармен келтірілген шығындарды (зиянды) өтеу туралы талаппен жүгіну құқығы бар.

Егер 10 күнтізбелік күн ішінде сатушы (өндуруші, орындаушы) талапқа жауап бермесе немесе еркін тәртіпте келтірілген шығындарды (зиянды) өтеуден бас тартса, тұтынушының сотқа жүгіну құқығы бар.

Осылайша, сапасыз тауарды сатып алу жағдайында сіздің жоғарыда белгіленген кінәрат-талаптармен және моральдік залалды өтеу жөнінде сатушыға жүгіну құқығыңыз бар.

Сіздің тағы қандай құқықтарыңыз бар?

«Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының 15 б. 1 т. сәйкес, кемшіліктері сатушымен ескерілмеген сапасыз тауар сатып алған тұтынушының қалауы бойынша осылардың бірін талап ету құқығы бар:

      1. шамаластыра отырып сатылым бағасын төмендету;

      2. ақысыз тауар ақаулықтарын жөндеу.

Сапасыз тауар сатушысы оның өндірушісі болмаған жағдайда 2), 4) пен 5) тармақшаларында белгіленген талаптар сатып алушының қалауы бойынша сатушыға немесе өндірушіге бағыттала алады;

      3. ақаулықтарды жөндеу шығындарын өтеу;

      4. барабар марка (модель, артикул) тауарына ауыстыру;

      5. басқа марканың (модель, артикул) біркелкі тауарына ауыстыру, сатылым бағасының сәйкес қайта есептеуімен;

      6. келісімді бұзу мен тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару.

Осы тармақтың 1)-6) тармақшаларында белгіленген талаптардың ішінен таңдалған талапқа тәуелсіз тұтынушының келтірілген шығындарды өтеу құқығы қалады.

4

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің орындалмауы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 190 бабымен сәйкес тұтынушыларды алдау үшін жауапкершілік белгіленген:

«Сауда әрекетін жасайтын жеке кәсіпкерлердің мен ұйымдардың тұтынушыларын таразылауы, өлшеумен, есеппен алдауы, тауардың тұтынылу ерекшеліктері мен сапасы бойынша адастыруы немесе басқа тәсілмен алдауы - құқыққа қарсы, кінәлі және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «Тұтынушыларды алдау» 190 бабымен бейнеленген әкімшілік құқық бұзушылық құрамын тудыратын әрекеттерге жатады. Осы бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектеріне - 20, орта кәсіпкерлік субъектеріне - 30, ірі кәсіпкерлік субъектеріне – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады».

Каспийский университет, Высшая школа права «Әдiлет» - Алмазкызы Шолпан
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.