• eng
  • қаз
  • рус

Жүргізуші куәлігін жоғалту

Егер сіз жүргізуші куәлігін жоғалтсаңыз - қапа болмаңыз! Біріншіден, жақсы адамдар оны тауып алып сізге қайтып бере алады, және екіншіден, сіз әрқашан 30 күнде жүргізуші куәлігін қалпына келтіре аласыз.

1

Шетел азаматы жүргізуші куәлігін жоғалтып алса

Шетел азаматы(-шасы) жүргізуші куәлігін жоғалған жағдайда, оған оны қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-на, Алматы қаласы ІІД жол полициясы Басқармасына жолығу керек.

Келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
  2. жеке басын куәландыратын құжаты;
  3. медициналық анықтама және оның денсаулығы туралы көшірмесі № 083/У емхана тіркелген жері бойынша (анықтаманы сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-да алуға болады);
  4. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
  5. ұйымының дипломатиялық корпуспен жұмыс бойынша бағыты (жол қозғалысының шетелдік қатысушылары үшін).

Қызмет көрсету мерзімі: 1 ай.

Қызмет көрсету соңғы нәтижесі: уақытша жүргізуші куәлігінің орнына жоғалған жүргізуші куәлігін беру, ол берілген күннен бастап бір айдың ішінде күшін сақтайды. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін жаңа жүргізуші куәлігі беріледі.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.