• eng
  • қаз
  • рус

Тұрғын үй көмегін алу

Тұрғын үй көмегі дегеніміз – коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, тұрғын үйді ұстауға, сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминимумның ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған ақшалай қаражатты мемлекеттің өтеуі. Басқаша айтқанда, егер үйіңіздің тұрғындарынан шатырды, жылу, сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге және өзге де шаруашылыққа ақша жиналса, сізге жарналарыңыз қайтарылуы мүмкін.

1

Көмек кімге көрсетіледі немесе көрсетілмейді?

Қызметті – жиынтық табысы төмен еңбекке жарамды адамдар (соның ішінде толық емес отбасылар) ала алады, яғни:

  1. ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. 2017 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі 24 459 теңгені құрайды;
  2. азық-түлік себеті мөлшерінен төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%);
  3. кедейлік шегінен төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%).

Қызметтің мұндай түрін кім ала алмайды?

Жұмыс істей алатын және оқи алатын, бірақ оны қаламайтын адамдар. Мемлекет жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды адамдарға тұрғын үй көмегін беруден бас тартады. Бұл ретте сіз 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасайтын немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын болсаңыз, онда ақшалай көмек алуға үміткер бола аласыз.

2

Egov.kz порталында қызмет алу

Ол үшін қажетті құжаттар:

  1. ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторизациядан өту және өтініш беру;
  3. сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса беру:
  • отбасының табысы туралы анықтама;
  • тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшот;
  • коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есепшоттар;
  • байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі немесе телекоммуникациялық қызметтер үшін түбіртек-есеп;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электронды көшірмесі

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.

3

Тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қ. аудандық бөлімшесінде (ХҚКО) қызмет алу

Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. өтініш;
  2. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. отбасы мүшелерінің алдыңғы тоқсандағы табысы туралы мәліметтер (жұмыс орнынан табысы туралы анықтама);
  4. тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшот;
  5. коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есепшоттар;
  6. байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі немесе телекоммуникациялық қызметтер үшін түбіртек-есеп;
  7. жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электронды көшірмесі

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.

0
Голосов пока нет

There are 3 Comments

Сәлеметсізбе Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек! Менің Сізге деген үлкен өтінішім,мен 4 баланың анасы,жолдасым 6-мыз осы Алматы қаласында Өжет ықшам ауданында атамның атында жазылған үйдің қасына салған времянкада тұрамыз,былтыр атам қайтыс болған,содан бері ол үйде тұратын қайың інім қолына ақша түссе,арақ ішіп бізге тыныштық бермейтин болды,тіпті балаларды да әбден қорқытып тастады.Мен әкесі жұмыста,сменада болғанда балаларды алып қашамын деп әбден шаршадым,ауырып жатып қалдым.Сізден үлкен өтінішім мүмкіндігінізше,бізге тезірек бөлек шығып кетүімізге көмектесіңізші Алла разы болсын!

Сәлеметсіздерме! Менің өтініш беру себебім, Менің, өзімнің жасым 29 жастамын. 2010жылғы ұлым және 2012 жылғы ұлым мен қызым бар. 2013 жылдан бері осы Алматы қаласында пәтер жалдап, жұмыс жасап жатырмын. Кәзіргі таңда, Ұлым мен қызым биыл құдай қаласа, ұлым төртінші сыныпқа, қызым екінші сыныпқа барады. Отбасы жагдайына байланысты, осы 2015 жылдан бастап, жолдасым екеуміз осы отбасы асырау яғни қаржыға байланысты, жолдасымнын тұрақты жұмыс жасамай, оның үстіне ең бірінші бала тәрбиелеп өсіріп отырғандықтан, баламның психологиясы бұзылмасын деп, 2019 яғни осы жылы ажырасып кеттік. Енді екі баламен өзім ғана пәтер жалдап тұрып жатырмын. Әр пәтерге баламен көше беруде оңай емес. Балдарым Анашым қашан үйымыз болады деген сайын, өзімді қоярға жер таппай жылап аламын. Шынын айтсам қиналып кеттім. Менің тапқан табысым, пәтерге, ішіп жеуге, балдарымның киыміне, мектебіне тамағы менен жолына, өзімнің жұмысқа барып келу жолыма, жетпей, келесі айдың айлығына қарызға кіріп, дүкендерге, азық түлік алуға қарыздарымда аз емес. Кейде осы қу ақша жетпей қалғандықтан, қарыз алған дукенші көріп қалмасын деп, келесі айлыққа дейін алыс жолмен үйге жаяу қайтып жүремін. Өзім осы Алматыда, мемлекеттің жұмысында 2013тен бастап жұмыс жасаймын. Үй алу мәселесінде құжаттар жинап тапсырайын деуге де, жұмысымнан бас көтермей , күнім толық болсын деп шыға алмадым. Міне бір айдан соң, сентябрь айыда келеді. Екі балама мектебіне барлық киымдері, аяқкиымдері, папкасы, мектепке керек құралдары, спорт киымдері бәрі бәрі керек. Мен шыны керек қиналып кеттім. Кейде балдарым ұйқтап қалғанда, осы өз елімде өзім қиналып жүргеніме қатты жылап аламын. Менде балдарымды, ешкімнен кем қылмай өсіріп, арасында артық ақшам болып қыдыртып қайтқанды қатты армандаймын. Артық тамақта алып бере алмаймын. Өйткені, айлығым бәрі орын орынмен тұрады, жетпей қалғаны келесі айға дайын тұрады. Өз елімнен, осы екі баламмен бірге, тұратын, осынша кең жерімізден бір, кішкене ғана баспана сұраймын. Алладан және сіздерден үмітімді үзбей жақын арада жақсы жаңалықты, ертегідей болып есітсем. Осы сайытқа, мың алғысымды білдіремін. Осы парақшаға жазып отырып, арманым орындалатын сиякты сеніп, жылап отырып жазып отырмын. (Жас кезімізде, аяз атаға хат жолдағандай) өзімді бір басқаша сезініп. Сіздерге мың алғысымды білдіремін.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.