• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Тұрмысы төмен отбасыға қалай тұрғын үй алуға болады?

Егер сіздің отбасыңыздың тұрмысы төмен болса (соңғы жылы отбасының бір мүшесіне айына орташа табыс ең төменгі көрсеткіш деңгейінің 3,1 еселік мөлшерінен аз болса, онда 75 822 теңгеден аз), сіз тұрып жатқан жеріңіз бойынша тұрғын үй алуға кезекке тұра аласыз. Ата-анасы және олардың балалары бір отбасы болсып саналады. Әжесі, атасы, апалары, ағалары және басқа да туыстары ресми түрде бұл отбасының мүшелеріне жатпайды.

1

Egov.kz порталында қазметті қалай алуға болады?

Ол үшін:

  1. ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба);
  2. сауал қою және оны ЭЦҚ куәландыру;
  3. сауалға тізбеге сәйкес сканерленген құжаттардың көшірмесін тіркеу:
  • Алматы қ. кем дегенде үш жыл тұратынын растайтын құжат;
  • неке қию (ажырасу) туралы куәлік (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшереінің өлгені туралы (2007 жылғы 13 тамыздан дейін), балалардың туу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан дейін), түпнұсқалар жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін ұсынылады;
  • егер жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылса, Алматы қ. Тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясының анықтамалығы;
  • отбасының әрбір мүшесіне өтініш алдындағы соңғы он екі айға табыстар туралы анықтамалық;
  • бекітілген санитарлық және техникалық талаптарға отбасы тұрып жатқан тұрғын үй сай болмаса немесе іргелес, оқшауланбаған тұғын үй-жайларда бір немесе бірнеше отбасы тұрып жатса немесе отбасы құрамының ішінде бірге тұру мүмкін емес кейбір ауыр созылмалы ауру нысандарымен азап шегуші науқастар болса тиісті уәкілетті органдардың анықтамалығы.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: есепке тұру және тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың кезегі және тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органдарының шешім қабылдауы.

2

Тіркелген жері бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) аудандық бөлімінде қызметті қалай алуға болады?

Бұл үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. тұрмыстық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке тұрғызу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Алматы қ. кем дегенде үш жыл тұратындығын растайтын құжат;
  4. неке қию (ажырасу) туралы куәлік (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшереінің өлгені туралы (2007 жылғы 13 тамыздан дейін), балалардың туу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан дейін), түпнұсқалар жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін;
  5. отбасының әрбір мүшесіне өтініш алдындағы соңғы он екі айға табыстар туралы анықтамалық.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: есепке тұру және тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың кезегі және тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органдарының шешім қабылдауы.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.