• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Университет жанындағы әскери кафедра

Азаматтық жоғары оқу орнында әскери кафедраға түсу cіз үшін ҚР Қарулы күштерінде мерзімді қызметтен балама өту болып табылады. Алматы жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында 48 мамандық бойынша запастағы офицерді дайындауды жүзеге асырылады. Кафедрада оқуды аяқтағаннан кейін cіз әскери қызметке кіре аласыз.

1

Кафедраға түсу үшін не қажет?

Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, жасы 27 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар әскери кафедраға түсу құқығын пайдалана алады. Әскери даярлық басталар алдында, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары қарсаңында әскери қызметке жарамдылығы Алматы қаласы аудандық Әскери қорғаныс басқармасы әскери-дәрігерлік комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелері бойынша  анықталады.

Ол үшін мыналар қажет:

  1. жоғары оқу орны басшысының атына  тиісті өтініш беру;
  2. өтінішке қоса тіркелетін құжаттар:
  • оқуға түсуге өтініш;
  • жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі); 
  • 3х4 өлшемдегі 2 фотосурет;
  • қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеуді растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • әскери қызметкер ретінде ата-ана мәртебесін растайтын құжаттар (болған жағдайда);
  • сотталмағандығы және әкімшілік құқық бұзушылықтарының жоқтығы туралы анықтама;
  • спорттық разрядын, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық байқаулардағы, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік немесе республикалық олимпиададағы жүлделі орындарын растайтын құжат (болған жағдайда).
2

Өтінішті қарау кезінде қандай көрсеткіштер ескеріледі?

  1. Алматы қаласы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелері. 
  2. Әскери оқу орындарына түсетін талапкерлерге  белгіленген дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындау нәтижелері.
  3. Психологиялық іріктеу нәтижелері.
  4. Оқу орнында оқу үлгерімінің орташа балы емтихандар қорытындысы бойынша анықталады.

Студенттердің әскери даярлыққа қабылдауға өтуін жоғары оқу орнының басшысы әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша іріктеу комиссиясының хаттамасы негізінде жүргізеді.

3

Әскери кафедрада оқудың негізгі шарттары

  1. Әскери кафедрада оқу үшін 1-ші және 2-ші курс студенттерінен өтініштерді қабылдау (медициналық жоғары оқу орындарында екінші және үшінші курстардан).
  2. Әскери дайындыққа 588 академиялық сағат бөлінеді, соның ішінде  жоғары оқу орындарында 360 академиялық сағат және оқу жиынында 228 академиялық сағат (кәсіби практикада студент-қыздар үшін).
  3. Әскери даярлық кезеңінде сынақтар мен емтихандарды тапсыру қарастырылған. Әскери даярлық бойынша сабақтарды дәлелді себепсіз (16 сағаттан артық) жүйелі түрде бармайтын, оқу жиындарынан өтуден жалтаратын немесе әскери кафедраларда оқыту барысында және жиындар кезінде тәртіпті бұзған студенттер әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен әскери даярлық жөніндегі сабақтардан шеттетіледі.
  4. Жоғары оқу орнын тәмамдағанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады, оған тек ұлдар ғана қатысады. Студент-қыздар оқу-жаттығу жиындарына тартылмайды, алатын әскери-есептік мамандығы бойынша қосымша тәжірибеден өтеді.
  5. Әскери даярлықтың барлық бағдарламасынан және әскери бөлімдер жанындағы оқу жиындарынан өткеннен кейін, жоғары оқу орындарында және Қарулы Күштердің мекемелерінде студенттер бітіру емтихандарын тапсырады.

Әскери дайындықтың толық курсынан өтіп, емтихандарды тапсырып, оқу жиындарынан өтіп, жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы дипломды алғаннан кейін сізге «запастағы лейтенант» әскери шені беріледі. Бұл мәліметтер әскери кафедраны аяқтағаннан кейін алынатын әскери билетте көрсетіледі. Әскери билетті қалай алуға болатынын мұнда білуге болады.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.